О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) Күшін жойған Кодекс ·№ 120-VI ·25.12.2017
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды. Әр баптың орнына не келгенін қараңыз
Күшін жойған · 01.01.2026 редакциясы

362-бап. Жекеше нотариустың салық салынатын кірісі

О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI

Жаңа кодексте тікелей баламасы жоқ · толық сәйкестік кестесі
1. Жекеше нотариустың салықтық кезеңдегі салық салынатын кірісі жекеше нотариустың кәсіптік шегерімдері сомасына азайтылған нотариаттық қызметті жүзеге асырудан алуға жататын (алынған) кірістер сомасы ретінде айқындалады.
2. Жекеше нотариус қызметін жүзеге асырудан түсетін кірістерге мыналар жатады:
1) нотариаттық әрекеттерге ақы төлеу түріндегі кіріс;
2) жекеше нотариус нотариаттық әрекеттер жасаған кезде құқықтық және техникалық сипаттағы көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу түріндегі кіріс;
3) нотариаттық қызметті жүзеге асыру кезінде алуға жататын (алынған) басқа да кірістер.
3. Жекеше нотариус осы баптың 4-тармағында көзделген, бір мезгілде мынадай шарттарға сай келетін:
1) жекеше нотариус қызметін жүзеге асырудан түсетін кірісті алуға байланысты жүргізілген;
2) құжатпен расталған;
3) жекеше нотариустың салықтық тіркелімдерінде көрсетілген шығыстар бойынша кәсіптік шегерімдерді қолдануға құқылы.
4. Жекеше нотариустың кәсіптік шегерімдеріне мыналар жатады:
1) кеңсе керек-жарақтарын сатып алуға арналған шығыстар;
2) нотариаттық қызметтер көрсету үшін үй-жайды мүліктік жалдау (жалға алу) бойынша шығыстар; 3) салықтық кезеңнің соңына активтер құнының 25 пайызы мөлшерінде есептелген амортизациялық аударымдар;
4) екінші деңгейдегі банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың көрсетілетін қызметтеріне, байланыс қызметтеріне, коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстар;
5) жұмыскердің төлем көзінен салық салуға жататын кірісі бойынша салық төлеушінің шығыстары;
6) осы Кодекстің 243-бабының 11-тармағында және 263-бабында көзделген шығыстар;
7) осы Кодекстің 361-бабының 5-тармағына сәйкес қызметтік іссапарлар кезіндегі өтемақылар;
8) республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1 еселенген шегінде нотариаттық палатаға енгізілетін мүшелік жарналар;
9) "Жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру бойынша шығыстар.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-362/