О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) Күшін жойған Кодекс ·№ 120-VI ·25.12.2017
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды. Әр баптың орнына не келгенін қараңыз
Күшін жойған · 01.01.2026 редакциясы

363-бап. Жеке сот орындаушысының салық салынатын кірісі

О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI

Жаңа кодексте тікелей баламасы жоқ · толық сәйкестік кестесі
1. Жеке сот орындаушысының салықтық кезеңдегі салық салынатын кірісі жеке сот орындаушысының кәсіптік шегерімдері сомасына азайтылған жеке сот орындаушысы қызметін жүзеге асырудан алуға жататын (алынған) кірістер сомасы ретінде айқындалады.
2. Жеке сот орындаушысы қызметін жүзеге асырудан түсетін кірістерге мыналар жатады:
1) жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу;
2) атқарушылық әрекеттерді жасау бойынша шығыстарды, оның ішінде бюджет қаражаты есебінен өтеу;
3) "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында жеке сот орындаушысы үшін көзделген қызметті жүзеге асыру кезінде алуға жататын (алынған) басқа да кірістер.
3. Жеке сот орындаушысы осы баптың 4-тармағында көзделген, бір мезгілде мынадай шарттарға сай келетін:
1) жеке сот орындаушысы қызметін жүзеге асырудан түсетін кірісті алуға байланысты жүргізілген;
2) құжатпен расталған;
3) жеке сот орындаушысының салықтық тіркелімдерінде көрсетілген шығыстар бойынша кәсіптік шегерімдерді қолдануға құқылы.
4. Жеке сот орындаушысының кәсіптік шегерімдеріне мыналар жатады:
1) кеңсе керек-жарақтарын сатып алуға арналған шығыстар;
2) жеке сот орындаушысы қызметін көрсету үшін үй-жайды мүліктік жалдау (жалға алу) бойынша шығыстар;
3) салықтық кезеңнің соңына активтер құнының 25 пайызы мөлшерінде есептелген амортизациялық аударымдар;
4) екінші деңгейдегі банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың көрсетілетін қызметтеріне, байланыс қызметтеріне, коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстар;
5) жұмыскердің төлем көзінен салық салуға жататын кірісі бойынша салық төлеушінің шығыстары;
6) осы Кодекстің 243-бабының 11-тармағында және 263-бабында көзделген шығыстар;
7) осы Кодекстің 361-бабының 5-тармағына сәйкес қызметтік іссапарлар кезіндегі өтемақылар;
8) республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1 еселенген шегінде Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасына енгізілетін мүшелік жарналар;
9) "Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру бойынша шығыстар;
10) осы тармақтың 1) – 9) тармақшаларында көзделмеген, атқарушылық әрекеттерді жасау бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтелген шығыстар.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-363/