О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) Күшін жойған Кодекс ·№ 120-VI ·25.12.2017
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды. Әр баптың орнына не келгенін қараңыз
Күшін жойған · 01.01.2026 редакциясы

364-бап. Адвокаттың салық салынатын кірісі

О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI

Жаңа кодексте тікелей баламасы жоқ · толық сәйкестік кестесі
1. Адвокаттың салықтық кезеңдегі салық салынатын кірісі адвокаттың кәсіптік шегерімдері сомасына азайтылған адвокаттық қызметті жүзеге асырудан алуға жататын (алынған) кірістер сомасы ретінде айқындалады.
2. Адвокаттық қызметті жүзеге асырудан түсетін кірістерге мыналар жатады:
1) адвокаттың заң көмегін көрсетуінен түсетін кіріс;
2) Қазақстан Республикасының мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы заңнамасына сәйкес қорғауға және өкілдік етуге, құқықтық ақпарат беруге және құқықтық консультация беруге байланысты шығыстарды, оның ішінде бюджет қаражаты есебінен өтеу түріндегі кіріс;
3) адвокаттық қызметті жүзеге асыру кезінде алуға жататын (алынған) басқа да кірістер.
3. Адвокат осы баптың 4-тармағында көзделген, бір мезгілде мынадай шарттарға сай келетін:
1) адвокаттық қызметті жүзеге асырудан түсетін кірісті алуға байланысты жүргізілген;
2) құжатпен расталған;
3) адвокаттың салықтық тіркелімдерінде көрсетілген шығыстар бойынша кәсіптік шегерімдерді қолдануға құқылы.
4. Адвокаттың кәсіптік шегерімдеріне мыналар жатады:
1) кеңсе керек-жарақтарын сатып алуға арналған шығыстар;
2) адвокаттық қызметті жүзеге асыру үшін үй-жайды мүліктік жалдау (жалға алу) бойынша шығыстар;
3) салықтық кезеңнің соңына активтер құнының 25 пайызы мөлшерінде есептелген амортизациялық аударымдар;
4) екінші деңгейдегі банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың көрсетілетін қызметтеріне, байланыс қызметтеріне, коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстар;
5) жұмыскердің төлем көзінен салық салуға жататын кірісі бойынша салық төлеушінің шығыстары;
6) осы Кодекстің 243-бабының 11-тармағында және 263-бабында көзделген шығыстар;
7) осы Кодекстің 361-бабының 5-тармағына сәйкес қызметтік іссапарлар кезіндегі өтемақылар;
8) республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1 еселенген шегінде адвокаттар алқасына енгізілетін мүшелік жарналар;
9) осы тармақтың 1) – 8) тармақшаларында көзделмеген, қорғауға және өкілдік етуге байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтелген шығыстар.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-364/