О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) Күшін жойған Кодекс ·№ 120-VI ·25.12.2017
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды. Әр баптың орнына не келгенін қараңыз
Күшін жойған · 01.01.2026 редакциясы

365-бап. Кәсіпқой медиатордың салық салынатын кірісі

О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI

Жаңа кодексте тікелей баламасы жоқ · толық сәйкестік кестесі
1. Кәсіпқой медиатордың салықтық кезеңдегі салық салынатын кірісі кәсіпқой медиатордың кәсіптік шегерімдері сомасына азайтылған кәсіпқой медиатор қызметін жүзеге асырудан алуға жататын (алынған) кірістер сомасы ретінде айқындалады.
2. Кәсіпқой медиатор осы баптың 3-тармағында көзделген, бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін:
1) кәсіпқой медиатор қызметін жүзеге асырудан түсетін кірісті алуға байланысты жүргізілген;
2) құжатпен расталған;
3) кәсіпқой медиатордың салықтық тіркелімдерінде көрсетілген шығыстар бойынша кәсіптік шегерімдерді қолдануға құқылы
3. Кәсіпқой медиатордың кәсіптік шегерімдеріне мыналар жатады:
1) кеңсе керек-жарақтарын сатып алуға арналған шығыстар;
2) кәсіпқой медиатор қызметтерін көрсету үшін үй-жайды мүліктік жалдау (жалға алу) бойынша шығыстар;
3) салықтық кезеңнің соңына активтер құнының 25 пайызы мөлшерінде есептелген амортизациялық аударымдар;
4) екінші деңгейдегі банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың көрсетілетін қызметтеріне, байланыс қызметтеріне, коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстар;
5) жұмыскердің төлем көзінен салық салуға жататын кірісі бойынша салық төлеушінің шығыстары;
6) осы Кодекстің 243-бабының 11-тармағында және 263-бабында көзделген шығыстар;
7) осы Кодекстің 361-бабының 5-тармағына сәйкес қызметтік іссапарлар кезіндегі өтемақылар;
8) республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1 еселенген шегінде кәсіпқой медиаторлар ұйымына енгізілетін мүшелік жарналар.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-365/