Күшін жойған
·
01.01.2026 редакциясы
366-бап. Дара кәсіпкердің кірісі
О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI
Жаңа кодексте тікелей баламасы жоқ
· толық сәйкестік кестесі
1.
Жалпыға бірдей белгіленген салық салу режимін қолданатын дара кәсіпкердің салықтық кезеңдегі салық салынатын кірісі мынадай тәртіппен айқындалады:
дара кәсіпкердің осы баптың 2-тармағына сәйкес айқындалған салық салынатын кірісі,
алу
корпоративтік табыс салығын есептеу мақсатында осы Кодекстің 288-бабында белгіленген, салық салынатын кірісті азайтуды айқындау тәртібіне ұқсас тәртіппен айқындалған, дара кәсіпкердің салық салынатын кірісін азайту,
қосу
бақыланатын шетелдік компаниялардың немесе бақыланатын шетелдік компаниялар тұрақты мекемелерінің осы Кодекстің 340-бабына сәйкес айқындалатын жиынтық пайдасы,
алу
корпоративтік табыс салығын есептеу мақсатында осы Кодекстің 299 және 300-баптарында белгіленген, залалдарды ауыстыру тәртібіне ұқсас тәртіппен ауыстырылатын залалдар.
2. Дара кәсіпкердің салықтық кезеңдегі салық салынатын кірісі мынадай тәртіппен айқындалады:
осы Кодекстің 226 – 240-баптарында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, корпоративтік табыс салығын есептеу мақсатында осы Кодекстің 225-бабында белгіленген, жылдық жиынтық кірісті айқындау тәртібіне ұқсас тәртіппен айқындалған, салықтық кезең үшін жиынтық түрде алынған дара кәсіпкердің кірісі,
алу
корпоративтік табыс салығын есептеу мақсатында осы Кодекстің 241-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес жылдық жиынтық кірісті түзетуді айқындау тәртібіне ұқсас тәртіппен айқындалған, салықтық кезең үшін жиынтық түрде алынған дара кәсіпкердің кірісін түзету,
қосу (алу)
корпоративтік табыс салығын есептеу мақсатында осы Кодекстің 241-бабының 3-тармағында белгіленген, жылдық жиынтық кірісті түзетуді айқындау тәртібіне ұқсас тәртіппен айқындалған, салықтық кезең үшін жиынтық түрде алынған дара кәсіпкердің кірісін түзету,
алу
корпоративтік табыс салығын есептеу мақсатында осы Кодекстің 242 – 276-баптарында белгіленген, шегерімдерге жатқызылатын шығыстарды айқындау тәртібіне ұқсас тәртіппен айқындалған шегерімдер,
қосу (алу)
корпоративтік табыс салығын есептеу мақсатында осы Кодекстің 287-бабында белгіленген, кірістер мен шегерімдерді түзетуді айқындау тәртібіне ұқсас тәртіппен айқындалған, кірістер мен шегерімдерді түзету.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-366/