О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) Күшін жойған Кодекс ·№ 120-VI ·25.12.2017
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды. Әр баптың орнына не келгенін қараңыз
Күшін жойған · 01.01.2026 редакциясы

367-бап. Төлеушілер

О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI

Жаңа кодексте: Статья 447. Плательщики орналасуы бойынша · толық сәйкестік кестесі
1. Мыналар қосылған құн салығын төлеушiлер болып табылады:
1) Қазақстан Республикасында қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою жүргізілген мынадай тұлғалар: дара кәсiпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар; мемлекеттiк мекемелердi және орта білім беретін мемлекеттік оқу орындарын қоспағанда, резидент-заңды тұлғалар; Қазақстан Республикасында қызметiн құрылымдық бөлімше арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер;
2) Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды импорттайтын тұлғалар;
3) осы Кодекстің 25-бөлімінде көзделген шетелдік компаниялар.
2. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою осы Кодекстің 82 және 83-баптарына сәйкес жүргізіледі.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-367/