Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
447-бап. Төлеушілер
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
Бұрынғы кодексте:
Статья 367. Плательщики
· толық сәйкестік кестесі
1. Мыналар қосылған құн салығын төлеушiлер болып табылады:
1) салық төлеушілер базасында Қазақстан Республикасында қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою жүргізілген тұлғалар;
2) ЕАЭО-ның кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды импорттайтын тұлғалар.
2. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою осы Кодекстің 99 – 101-баптарына сәйкес жүргізіледі.
3. Осы Кодекстің 102-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында қосылған құн салығы бойынша шартты түрде тіркеу есебіне қою жүргізілген шетелдік компаниялар осы Кодекстің 21-бөліміне сәйкес қосылған құн салығын есептейді және төлейді.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-447/