О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) Күшін жойған Кодекс ·№ 120-VI ·25.12.2017
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды. Әр баптың орнына не келгенін қараңыз
Күшін жойған · 01.01.2026 редакциясы

405-бап. Күмәндi мiндеттемелер бойынша, міндеттемелерді есептен шығару кезінде есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомаларын түзету

О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI

1. Егер сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша міндеттеменің бір бөлігі немесе бүкіл мөлшері осы Кодекстің 230-бабына сәйкес күмәнді болып танылса, онда осы Кодекстің 400-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшалары негізінде бұрын есепке жатқызылатын деп танылған қосылған құн салығынан басқа, есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасын күмәнді міндеттеменің мөлшеріне сәйкес келетін мөлшерде осындай тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша бұрын есепке жатқызылатын деп танылған қосылған құн салығының сомасына азайту жағына қарай түзету жүргізіледі. Осы тармақта көзделген түзету мынадай: орындау мерзімі айқындалған, сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер жөніндегі міндеттемені орындау мерзімі аяқталған күннен кейінгі; орындау мерзімі айқындалмаған, сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер жөніндегі міндеттеме бойынша тауарды беру, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету күнінен бастап есептелетін үш жылдық кезең өткен салықтық кезеңде жүргізіледі.
2. Егер есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасы азайту жағына қарай түзетілгеннен кейін қосылған құн салығын төлеуші тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер үшін ақы төлеуді жүргізген жағдайда, есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасын ақы төлеу жүргізілген салықтық кезеңде ақы төлеу сомасына сәйкес келетін мөлшерде аталған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша салық сомасына ұлғайту жағына қарай түзету жүргізіледі.
3. Осы Кодекстің 229-бабының 1-тармағында көрсетілген жағдайларда, осы баптың 1-тармағына сәйкес түзету жүргізілмеген міндеттемелер есептен шығарылған кезде есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасын азайту жағына қарай түзету бұрын есепке жатқызылатын деп танылған, осындай міндеттеменің құрамында төлеуге жататын қосылған құн салығы сомасының мөлшерінде жүргізіледі. Осы тармақта көзделген түзету осындай жағдайлар басталған кезеңде жүргізіледі.
4. Егер сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша міндеттеме тіркеуші органның банкрот деп танылған қосылған құн салығын төлеушіні-өнiм берушiні Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінен алып тастау туралы шешімі шығарылған күнге толық немесе ішінара қанағаттандырылмаған жағдайда, онда есепке жатқызуға жатқызылатын қосылған құн салығының сомасын азайту жағына қарай түзету, егер мұндай түзету осы баптың 1-тармағына сәйкес жүргізілмеген болса, бұрын есепке жатқызуға жатқызылатын деп танылған, осындай тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша төленуге жататын қосылған құн салығының сомасы мөлшерінде жүргізіледі. Осы тармақта көзделген түзету тіркеуші органның көрсетілген шешімі шығарылған салықтық кезеңде жүргізіледі.
5. Осы бапта көзделген түзету олар бойынша түзету жүргізілетін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым жасалған кезде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді беруші жазып берген шот-фактурада көрсетілген, қосылған құн салығының мөлшерлемесі бойынша жүргізіледі.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-405/