О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) Күшін жойған Кодекс ·№ 120-VI ·25.12.2017
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды. Әр баптың орнына не келгенін қараңыз
Күшін жойған · 01.01.2026 редакциясы

406-бап. Түзету ескеріле отырып, есепке жатқызылатын қосылған құн салығы

О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI

1. Түзету ескеріле отырып, есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасы салықтық кезең үшін мынадай тәртіппен есептеледі: осы Кодекстің 400-бабына сәйкес айқындалған, есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасы, алу осы Кодекстің 403, 404 және 405-баптарында көзделген, есепке жатқызылатын қосылған құн салығын азайту жағына қарай түзету сомасы, қосу осы Кодекстің 404-бабының 3-тармағында және 405-бабының 2-тармағында көзделген, есепке жатқызылатын қосылған құн салығын ұлғайту жағына қарай түзету сомасы.
2. Осы бапқа сәйкес айқындалған, түзету ескеріле отырып, есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасы теріс мәнге ие болуы мүмкін.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-406/