О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) Күшін жойған Кодекс ·№ 120-VI ·25.12.2017
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды. Әр баптың орнына не келгенін қараңыз
Күшін жойған · 01.01.2026 редакциясы

414-бап. Баспасөз басылымдарын және бұқаралық ақпарат құралдарының өзге де өнімін өткізу кезінде шот-фактураларды жазып беру ерекшеліктері

О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI

Жалпыға бірдей қолжетімді телекоммуникациялық желілердегі интернет-ресурста орналастырылғандарды қоса алғанда, мерзiмдi баспасөз басылымдарын немесе бұқаралық ақпарат құралдарының өзге де өнімін өткізген жағдайда, шот-фактура өткізу бойынша айналым жасалған күннен кейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмей жазып беріледі. Салық төлеуші жасау күні күнтізбелік жылға тура келетін өткізу бойынша бүкіл айналымға шот-фактураны айналымды жасау күнінен бұрын жазып беруге құқылы. Бұл ретте шот-фактурада осындай күнтізбелік жылға кіретін әрбір салықтық кезеңге тура келетін өткізу бойынша айналымның мөлшері және қосылған құн салығының тиісті сомасы жеке көрсетіледі.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-414/