О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) Күшін жойған Кодекс ·№ 120-VI ·25.12.2017
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды. Әр баптың орнына не келгенін қараңыз
Күшін жойған · 01.01.2026 редакциясы

415-бап. Экспедиторлардың шот-фактураларды жазып беру ерекшеліктері

О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI

1. Көлік экспедициясы шарты бойынша клиент болып табылатын тарап үшін осындай шарт бойынша жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде шот-фактураларды жазып беруді экспедитор жүзеге асырады. Экспедитор шот-фактураны қосылған құн салығын төлеушілер болып табылатын тасымалдаушылар және жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді басқа да берушілер жазып берген шот-фактуралар негізінде жазып береді. Егер тасымалдаушы (өнім беруші) қосылған құн салығын төлеуші болып табылмаған жағдайда, экспедитор шот-фактураны жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құнын растайтын құжат негізінде жазып береді.
2. Экспедитор жазып беретін шот-фактурада салық салынатын (салық салынбайтын) айналым: қосылған құн салығын төлеушілер болып табылатын; қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын тасымалдаушылар және (немесе) өнім берушілер көлік экспедициясы шартының шеңберінде орындаған және көрсеткен жұмыстар мен қызметтердің құны ескеріле отырып көрсетіледі. Осы Кодекстің 412-бабы 5-тармағының 2) және 3) тармақшаларының талаптарын орындау мақсатында экспедитор жазып беретін шот-фактурада: өнім берушінің деректемелері ретінде экспедитордың деректемелері көрсетіледі; алушының деректемелері ретінде көлік экспедициясы шарты бойынша клиент болып табылатын салық төлеушінің деректемелері көрсетіледі.
3. Көлік экспедициясы шарты бойынша қызметті жүзеге асыру кезінде экспедитор осы Кодекстің 215-бабына сәйкес тасымалдаушылар және (немесе) осындай шарт шеңберінде көрсетілетін жұмыстарды, қызметтерді берушілер, сондай-ақ олардың құны туралы ақпаратты ашатын салықтық тіркелімді жасайды.
4. Көрсетілген талаптарға сәйкес жазып берілген шот-фактура көлік экспедициясы шарты бойынша клиент болып табылатын тараптың қосылған құн салығының сомасын есепке жатқызуы үшін негіз болып табылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-415/