НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

494-бап. Экспедиторлардың шот-фактураларды

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

жазып беру ерекшеліктері
1. Көлік экспедициясы шарты бойынша клиент болып табылатын тарап үшін осындай шарт бойынша жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде шот-фактуралар жазып беруді қосылған құн салығын төлеуші болып табылатынына не болып табылмайтынына қарамастан, экспедитор жүзеге асырады. Экспедитор шот-фактураны қосылған құн салығын төлеушілер болып табылатын тасымалдаушылар және жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді басқа да берушілер жазып берген шот-фактуралар негізінде жазып береді. Егер тасымалдаушы (өнім беруші) қосылған құн салығын төлеуші болып табылмаса, шот-фактураны жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құнын растайтын құжат негізінде экспедитор жазып береді.
2. Экспедитор жазып беретін шот-фактурада салық салынатын (салық салынбайтын) айналым:
1) қосылған құн салығын төлеушілер болып табылатын;
2) қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын тасымалдаушылар және (немесе) өнім берушілер көлік экспедициясы шартының шеңберінде орындаған және көрсеткен жұмыстар мен қызметтердің құны ескеріле отырып көрсетіледі. Шот-фактурада экспедитордың айналымына енгізілетін көлік экспедициясы шарты бойынша сыйақы сомасы бөлек жолмен бөліп көрсетіледі. Экспедитор жазып беретін шот-фактурада: өнім берушінің деректемелері ретінде экспедитордың деректемелері көрсетіледі; алушының деректемелері ретінде көлік экспедициясы шарты бойынша клиент болып табылатын салық төлеушінің деректемелері көрсетіледі.
3. Көлік экспедициясы шарты бойынша қызметті жүзеге асыру кезінде экспедитор осы Кодекстің 205-бабына сәйкес тасымалдаушылар және (немесе) осындай шарт шеңберінде жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушілер, сондай-ақ олардың құны туралы ақпаратты ашатын салықтық тіркелімді жасайды.
4. Көрсетілген талаптарға сәйкес жазып берілген шот-фактура көлік экспедициясы шарты бойынша клиент болып табылатын тараптың қосылған құн салығының сомасын есепке жатқызуы үшін негіз болып табылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-494/