Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
538-бап. Салық салу объектісі
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
Бұрынғы кодексте:
Статья 464. Объект налогообложения
· толық сәйкестік кестесі
1. Акциз салынатын объект мыналар болып табылады:
1) акциз төлеуші өзі шығарған және (немесе) өндірген және (немесе) ыдысқа құйған акцизделетін тауарлармен жүзеге асыратын мынадай операциялар:
Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес төлем жүргізілген акцизделетін тауарларды импорттауды қоспағанда, сондай-ақ өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім болған кезде, акцизделетін тауарларды өткізу;
акцизделетiн тауарларды алыс-беріс негізінде қайта өңдеуге беру;
алыс-берiс, оның ішінде акцизделетiн шикізат пен материалдарды қайта өңдеу өнімі болып табылатын акцизделетiн тауарларды беру;
жарғылық капиталға жарна;
акцизделетін тауарларды заттай нысанда пайдалы қазбаларды өндіру салығын, экспортқа рента салығын төлеу есебіне беру жағдайларынан басқа, акцизделетiн тауарларды заттай ақы төлеген кезде пайдалану;
өндіруші өзінің құрылымдық бөлімшелеріне жүзеге асыратын акцизделетiн тауарларды тиеп-жөнелту;
өндіруші шығарған және (немесе) өндірген және (немесе) ыдысқа құйған акцизделетін тауарларды өзінің өндірістік мұқтаждықтары үшін және акцизделетін тауарларды өзі өндіруі үшін пайдалануы;
өндіруші жүзеге асыратын, лицензияда көрсетілген өндіріс мекенжайынан акцизделетін тауарлардың орнын ауыстыру;
2) бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсутек қоспаларын және экологиялық отынды көтерме саудада өткізу;
3) бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсутек қоспаларын және экологиялық отынды бөлшек саудада өткізу;
4) мүліктік массаны, тәркіленген және (немесе) иесіз қалған, мұрагерлік құқығы бойынша мемлекетке өткен және мемлекет меншігіне өтеусіз берілген акцизделетін тауарларды өткізу;
5) акцизделетiн тауарлардың бүлінуі, жоғалуы;
6) акцизделетін тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына импорттау;
7) осы Кодекстің 536-бабы бірінші бөлігінің 10) тармақшасында көрсетілген акцизделетін тауарларды Қазақстан Республикасының аумағында сатып алу.
2. Сәйкестендіру құралдарының, есепке алу-бақылау маркаларының бүлінуі, жоғалуы акцизделетін тауарларды өткізу ретінде қаралады.
3. Мыналар акциз салудан босатылады:
1) егер осы Кодекстiң 545-бабында белгіленген талаптарға сай келсе, акцизделетiн тауарларды экспорттау;
2) этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруді және оның айналымын бақылау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын квоталар шегіндегі, өз қызметінің басталғаны туралы белгіленген тәртіппен хабардар еткен мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарына босатылатын этил спирті;
3) егер аталған тауарлар бойынша акциз бұрын төленсе, жаңа үлгідегі есепке алу-бақылау маркаларымен қайта таңбалауға жататын, осы Кодекстің 175-бабының 2-тармағында көрсетілген акцизделетін тауарлар;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрілік зат ретінде тіркелген, құрамында спирт бар медициналық мақсаттағы өнім (бальзамдардан басқа);
5) есептен шығару және жою туралы актінің негізінде салық органдары қабылдаған, ақаулық, жоғалу, бүліну себебі бойынша айналымнан шығарылған сәйкестендіру құралдары;
6) осы Кодекстің 536-бабының 5) тармақшасында көрсетілген, алыс-беріс шикiзаты мен материалдарын қайта өңдеу өнiмi болып табылатын, оның ішінде акцизделетiн, экспортқа өткізілген акцизделетін тауарларды, егер ол осы Кодекстің 545-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келсе беру.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-538/