Күшін жойған
·
01.01.2026 редакциясы
635-бап. Кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсыру мерзімдері
О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI
Жаңа кодексте:
Статья 418. Сроки представления декларации о доходах и имуществе
сәйкестік: жоғары
· толық сәйкестік кестесі
1. Кірістер мен мүлік туралы декларация тұрғылықты (болу) жері бойынша есепті күнтізбелік жылдан кейінгі жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірілмей тапсырылады.
3. Егер кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсыру күніне бекітілген қаржылық есептілік болмаған жағдайда, бақыланатын шетелдік компаниялардың немесе бақыланатын шетелдік компаниялардың тұрақты мекемелерінің жиынтық пайдасын есептеу осы Кодекстің 211-бабының ережелері ескеріле отырып, қаржылық есептілік бекітілген күннен кейінгі алпыс жұмыс күні ішінде, бірақ есепті салықтық кезеңнен кейінгі екінші жылдың 31 наурызынан кешіктірілмей тапсырылатын кірістер мен мүлік туралы қосымша декларацияда жүргізіледі.
4. Мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер үшін кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсыну жергілікті әскери басқару органынан әскери қызмет өткеру орнына кету туралы бұйрық шығарылған күннен бастап мерзімді қызмет өткеру кезеңіне ұзарту туралы хабарлама салық органына жіберілмей ұзартылады.
Мерзімді қызметтегі әскери қызметші мәртебесін жоғалтқан кезде әскери қызметшіні әскери бөлімнің жеке құрамының тізімдерінен шығару туралы бұйрықтың негізінде жеке тұлға ұсыну мерзімі ұзартылған жеке тұлғаның декларациясын әскери бөлімнің тізімдерінен шығару туралы бұйрық шығарылған күннен бастап күнтізбелік алпыс күннен кешіктірмей ұсынады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-635/