Күшін жойған
·
01.01.2026 редакциясы
636-бап. Күнтізбелік жыл қорытындысы бойынша жеке тұлғаның салық салынатын кірісін айқындау
О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI
Жаңа кодексте:
Статья 688. Определение налогооблагаемого дохода
орналасуы бойынша
· толық сәйкестік кестесі
1. Күнтізбелік жыл қорытындысы бойынша жеке тұлғаның салық салынатын кірісі осы бапқа сәйкес айқындалады.
2. Дара кәсіпкердің және резидент – еңбекші көшіп келушінің кірісін қоспағанда, жеке тұлға өз бетінше салық салуға жататын оның салық салынатын кірісі мынадай тәртіппен айқындалады:
дара кәсіпкердің және резидент – еңбекші көшіп келушінің кірісін қоспағанда, жеке тұлғаның өз бетінше салық салуына жататын кірістері
қосу
жеке практикамен айналысатын адамның салық салынатын кірісі,
қосу
жұмыскердің төлем көзінен салық салуға жататын кірістеріне өзге шегерімдердің алдын ала сомасы қолданылған жағдайда, жұмыс беруші есепке жазған осындай кірістер сомасы,
алу
осы Кодекстің 341-бабында көзделген кірісті түзету
алу
осы Кодекстің 342-бабының 1-тармағында көрсетілген салықтық шегерімдер.
3. Дара кәсіпкердің салық салынатын кірісі мынадай тәртіппен айқындалады:
осы Кодекстің 366-бабының 1-тармағында белгіленген тәртіппен айқындалған дара кәсіпкердің салық салынатын кірісі
алу
осы Кодекстің 341-бабында көзделген кірісті түзету
алу
осы Кодекстің 342-бабының 1-тармағында көрсетілген салықтық шегерімдер.
4. Резидент – еңбекші көшіп келушінің салық салынатын кіріс сомасы осы Кодекстің 642-бабында белгіленген тәртіппен айқындалады.
5. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер көрсетілген арнаулы салық режимдері шеңберінде салық салынатын кірістер бойынша жеке табыс салығын есептеуді осы Кодекстің 77-тарауына сәйкес жүргізеді.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-636/