О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) Күшін жойған Кодекс ·№ 120-VI ·25.12.2017
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды. Әр баптың орнына не келгенін қараңыз
Күшін жойған · 01.01.2026 редакциясы

637-бап. Жеке тұлғаның өз бетінше салық салуына жататын кірістерінен жеке табыс салығын есептеу

О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI

1. Жеке тұлғаның өз бетінше салық салуына жататын кірістерінен жеке табыс салығын есептеуді жеке тұлға:
1) кәсіпкерлік қызмет бойынша жеке табыс салығы бойынша декларацияда – жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен айқындалатын дара кәсіпкердің кірісі бойынша;
2) кірістер мен мүлік туралы декларацияда – өз бетінше салық салуына жататын қалған кірістер бойынша жүргізеді.
2. Жеке тұлғаның өз бетінше салық салуына жататын кірістерінен алынатын жеке табыс салығының сомасы осы Кодекстің 320-бабында белгіленген мөлшерлемелерді жеке тұлғаның салық салынатын кірісінің тиісті сомасына қолдану жолымен есептеледі.
3. Бюджетке төленуге жататын жеке табыс салығының сомасы мынадай тәртіппен айқындалады: осы баптың 2-тармағында айқындалған тәртіппен есептелген жеке табыс салығының сомасы алу жұмыскердің төлем көзінен салық салуға жататын кірістеріне өзге шегерімдердің алдын ала сомасы қолданылған жағдайда, оның осындай кірістерінен есептелген жеке табыс салығының сомасы, алу осы Кодекстің 638-бабына сәйкес есепке жатқызу жүзеге асырылатын жеке табыс салығының сомасы алу осы Кодекстің 638-1-бабына сәйкес есепке жатқызу жүзеге асырылатын корпоративтік табыс салығының сомасы.
4. Еңбекші көшіп келушілердің кірістерінен алынатын жеке табыс салығының сомасын есептеуді еңбекші көшіп келушілер осы Кодекстің 642-бабының 2-тармағында белгіленген тәртіппен өз бетінше жүргізеді.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-637/