Күшін жойған
·
01.01.2026 редакциясы
643-1-бап. Кәсіпкерлік қызмет бойынша жеке табыс салығы бойынша декларацияда есептелген жеке табыс салығын төлеудің тәртібі мен мерзімдері
О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI
Жаңа кодексте:
Статья 421. Порядок и сроки уплаты индивидуального
сәйкестік: жоғары
· толық сәйкестік кестесі
1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, кәсіпкерлік қызмет бойынша жеке табыс салығы бойынша декларацияда есептелген жеке табыс салығын төлеу есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 10 сәуірінен кешіктірілмей тұрған жерінде жүзеге асырылады.
2. Кәсіпкерлік қызмет бойынша жеке табыс салығы бойынша тарату декларациясында есептелген жеке табыс салығын төлеу дара кәсіпкердің қызметі тоқтатылған кезде таратудың салықтық есептілігі ұсынылған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей тұрған жерінде жүзеге асырылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-643-1/