Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
421-бап. Кәсіпкерлік қызмет бойынша жеке табыс салығы
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
декларациясында есептелген жеке табыс салығын
төлеудің тәртібі мен мерзімдері
1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, кәсіпкерлік қызмет бойынша жеке табыс салығы бойынша тарату декларациясында есептелген жеке табыс салығын төлеу осындай декларацияны тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей тұрған жері бойынша жүзеге асырылады.
2. Дара кәсіпкердің қызметі тоқтатылған кезде кәсіпкерлік қызмет бойынша жеке табыс салығы бойынша тарату декларациясында есептелген жеке табыс салығын төлеу таратудың салықтық есептілігі ұсынылған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей тұрған жері бойынша жүзеге асырылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-421/