О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) Күшін жойған Кодекс ·№ 120-VI ·25.12.2017
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды. Әр баптың орнына не келгенін қараңыз
Күшін жойған · 01.01.2026 редакциясы

643-бап. Кәсіпкерлік қызмет бойынша жеке табыс салығы бойынша декларация және оны ұсыну мерзімдері

О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI

1. Салық салудың жалпыға бірдей белгіленген тәртібін қолданатын дара кәсіпкерлер кәсіпкерлік қызмет бойынша жеке табыс салығы бойынша декларация ұсынады.
2. Кәсіпкерлік қызмет бойынша жеке табыс салығы бойынша декларация таратудың салықтық есептілігін қоспағанда, тұрған жеріндегі салық органына есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірілмей ұсынылады.
3. Дара кәсіпкердің қызметі тоқтатылған кезде кәсіпкерлік қызмет бойынша жеке табыс салығы бойынша тарату декларациясын ұсыну мерзімі осы Кодекстің 65, 66 және 67-баптарында белгіленген.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-643/