НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

420-бап. Кәсіпкерлік қызмет бойынша жеке табыс салығы

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

декларациясы
1. Жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібін қолданатын дара кәсіпкерлік қызмет бойынша жеке табыс салығы декларациясын ұсынады.
2. Кәсіпкерлік қызмет бойынша жеке табыс салығы декларациясы, таратудың салықтық есептілігін қоспағанда, тұрған жері бойынша салық органына есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірілмей ұсынылады.
3. Дара кәсіпкердің қызметі тоқтатылған кезде кәсіпкерлік қызмет бойынша жеке табыс салығы бойынша тарату декларациясын ұсыну мерзімі осы Кодекстің 74 – 76-баптарында белгіленген.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-420/