О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) Күшін жойған Кодекс ·№ 120-VI ·25.12.2017
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды. Әр баптың орнына не келгенін қараңыз
Күшін жойған · 01.01.2026 редакциясы

712-3-бап. Салық төлеушінің нақты шығындары сомасынан салықтық міндеттемелерді азайту тәртібі

О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI

1. Инвестициялар туралы келісім жасасқан тұлғаның салықтық міндеттемелерін инвестициялық жоба бойынша нақты шығыстардың сомасына азайту, егер инвестициялар туралы келісімде осындай азайту көзделсе, жүргізіледі. Инвестициялар туралы келісім инвестициялық жоба шеңберінде республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және осындай келісім жасалған қаржы жылының басында қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің он бес миллион еселенген мөлшерінен кем емес сомада инвестицияларды жүзеге асыру кезінде ғана салықтық міндеттемелерді осындай азайтуды көздеуі мүмкін. Инвестициялар туралы келісім жасасқан тұлғалар арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметін жүзеге асырған кезде оларға осы тармақтың ережелері қолданылмайды.
2. Мемлекеттік уәкілетті орган салық төлеушімен инвестициялар туралы келісім жасасқан кезде корпоративтік табыс салығы, жер салығы және мүлік салығы бойынша преференциялардың және көрсетілген салықтар бойынша салықтық міндеттемелерді азайтудың қолданылуы салық төлеушінің жүзеге асырылған инвестициялар шегіндегі нақты шығыстарының сомасынан аспайтынын ескере отырып, салықтар бойынша преференциялардың есеп-қисабын жүргізеді.
3. Салық төлеушінің корпоративтік табыс салығы, жер салығы және мүлік салығы бойынша салықтық міндеттемелерін инвестициялық жоба бойынша нақты шығыстар сомасына азайту көрсетілген салықтар бойынша преференциялар қолданылған он жыл өткеннен кейін инвестициялар туралы келісімнің жиырма бес жылдан аспайтын қолданылу мерзімі шегінде қолданылады. Салық төлеушінің салықтық міндеттемелерін азайту инвестициялық жобаны іске асыру кезеңінде жүзеге асырылған нақты шығыстардың жиырма пайызынан аспайтын мөлшерде жүргізіледі. Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім осы Кодекстің 712-2-бабының ережелері ескеріле отырып қолданылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-712-3/