Күшін жойған
·
01.01.2026 редакциясы
712-5-бап. Инвестициялық міндеттемелер туралы келісім жасасқан тұлғаларға салық салу
О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI
Жаңа кодексте:
Статья 737. Налогообложение лиц, заключивших соглашение об инвестиционных обязательствах
сәйкестік: орташа
· толық сәйкестік кестесі
1. Егер осы баптың 2-тармағында өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес инвестициялық міндеттемелер туралы келісім жасасқан салық төлеушілердің салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді есептеуі көрсетілген келісім жасалған кезге қолданыста болатын салықтық режимге сәйкес, осындай келісім (Қазақстан Республикасы салық заңнамасының тұрақтылығына кепілдік) жасалған жылдың 1 қаңтарынан бастап он жыл ішінде жүзеге асырылады.
2. Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес инвестициялық міндеттемелер туралы келісім жасасқан салық төлеуші (салық агенті) салықтық міндеттемені есептеуді осындай міндеттеме туындаған кезге қолданыста болатын салықтық режимге сәйкес мынадай салықтар және бюджетке төленетін төлемдер бойынша жүзеге асырады:
қосылған құн салығы;
акциз;
қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы;
жеке табыс салығы;
төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы.
3. Инвестициялық міндеттемелер туралы келісім жасалған кезге қолданыста болған салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің жекелеген түрлерінің күші жойылған жағдайда, салық төлеуші осындай келісім жасалған кезге қолданыста болатын Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәртіппен және мөлшерлерде оларды бюджетке төлеуді жалғастырады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-712-5/