Күшін жойған
·
01.01.2026 редакциясы
712-4-бап. Жалпы ережелер
О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI
1. Осы Кодекстің мақсаттары үшін бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін заңды тұлға:
1) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметімен инвестициялық міндеттемелер туралы келісім жасалса;
2) көмірсутекті пайдалы қазбаларды өндіретін жер қойнауын пайдаланушыларды және мұнай өнімдерін өндірушілерді қоспағанда, тауар өндіруші болып табылса, инвестициялық міндеттемелер туралы келісім жасасқан тұлға болып табылады. Осы тараудың мақсаттары үшін тауар өндіруші деп инвестициялық міндеттемелер туралы келісім жасасуға өтінім берілген жылдың алдындағы жыл үшін жылдық жиынтық кірісінің кемінде жетпіс пайызын өз өндірісінің тауарларын өткізуден не осындай тұлға өндірген пайдалы қазбаларды және (немесе) осындай тұлғаның пайдалы қазбаларды қайта өңдеуі нәтижесінде алынған өнімдерді өткізуден түсетін кіріс құрайтын заңды тұлға түсініледі;
3) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес ірі немесе орта кәсіпкерлік субъектісі болып табылса;
4) акцизделетін тауарларды өндіру қызметін жүзеге асырмаса;
5) арнаулы салықтық режимдерді қолданбаса, инвестициялық міндеттемелер туралы келісім жасасқан тұлға болып табылады.
2. Инвестициялық міндеттемелер туралы келісімнің қолданысы мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде осы Кодекстің 712-5-бабында көзделген Қазақстан Республикасы салық заңнамасының тұрақтылығына кепілдік осы тармақтың үшінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, ол жасалған күннен бастап күшін жояды.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген жағдайда салық төлеуші инвестициялық міндеттемелер туралы келісім бұзылған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей осы келісім жасалған күннен бастап оны бұзу күнін қоса алғандағы күнге дейінгі салықтық кезеңдер үшін қосымша салықтық есептілікті ұсынуға міндетті.
Егер инвестициялық міндеттемелер туралы келісімнің қолданысы тоқтатылған кезде Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде осындай келісімдер үшін көзделген соманың кемінде тоқсан пайызы қаржыландырылған жағдайда, осы Кодекстің 712-5-бабында көзделген Қазақстан Республикасы салық заңнамасының тұрақтылығына кепілдік инвестициялық міндеттемелер туралы келісімнің қолданысы тоқтатылған жылдың 1 қаңтарынан бастап күшін жояды.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-712-4/