НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

768-бап. Тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемді белгілеу тәртібі

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

1. Келісімшарт аумағын (жер қойнауы учаскесін) геологиялық зерттеуге және кен орындарын барлауға мемлекет шеккен тарихи шығындар сомасын жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган есептейді және аталған сома бюджетке:
1) мемлекет меншігіндегі геологиялық ақпаратты сатып алу төлемақысын шегергенде, құпиялылық туралы келісімде белгіленген мөлшердегі тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем түрінде;
2) мемлекет меншігіндегі геологиялық ақпаратты сатып алу үшін құпиялылық туралы келісімде белгіленген мөлшердегі төлемақы түрінде төленуге жатады.
2. Тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем жөніндегі міндеттеме – жер қойнауын пайдаланушы мен жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган арасындағы құпиялылық туралы келісім жасалған күннен бастап, ал 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша құпиялылық туралы тиісті келісімдер жасалмаған, бірақ жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың талаптары бойынша жасалуға тиіс, өнімді бөлу туралы келісімді қоса алғанда, 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша – жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органмен құпиялылық туралы келісім жасалған күннен бастап туындайды.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-768/