О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) Күшін жойған Кодекс ·№ 120-VI ·25.12.2017
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды. Әр баптың орнына не келгенін қараңыз
Күшін жойған · 01.01.2026 редакциясы

781-бап. 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап жеке табыс салығын есептеу, ұстап қалу және төлеу жөніндегі өтпелі ережелер

О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI

1. Осы бап 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және оны қолданысқа енгізу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі осы баптың мақсаттары үшін – Заң) қолданысқа енгізілген айдың соңғы күні аралығындағы кезеңде төлем көзінен салық салынатын кірістен және жеке практикамен айналысатын адамдардың салық салынатын кірісінен жеке табыс салығын есептеу, ұстап қалу және төлеу жөніндегі өтпелі ережелерді белгілейді.
2. Салық агенті жеке тұлғаның салықтық шегерімдерді қолдану туралы өтініші бойынша 2025 жылғы кез келген күнтізбелік айдан бастап күнтізбелік жыл шегінде өзге шегерімдердің алдын ала сомасын қолдануға құқылы.
3. Жеке практикамен айналысатын адам Заң қолданысқа енгізілген айдан кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Заң қолданысқа енгізілген айдың соңғы күні аралығындағы кезеңде салық салынатын кірістен есептелген жеке табыс салығын төлеуді жүзеге асырады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-781/