НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

110-бап. Бақылау-касса машинасын қолдану жөніндегі жалпы

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

ережелер
1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының аумағында ақшалай есеп айырысулар деректерді тіркеп-белгілеу және (немесе) беру функциясы бар, модельдері кассалық машиналар тізіліміне енгізілген бақылау-касса машинасы мiндеттi түрде қолданылып жүргiзiледi.
2. Бақылау-касса машинасын қолданудан:
1) жеке тұлға;
2) жеке сот орындаушысы, адвокат және кәсіби медиатор;
3) қалалық қоғамдық көлікте билеттер бере отырып, тасымалдау бойынша халыққа қызмет көрсету бөлігіндегі тұлға босатылады. Қоғамдық қалалық көлік билеттерінің нысанын уәкілетті органмен келісу бойынша көлік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді;
4) Ұлттық Банк;
5) екінші деңгейдегі банк;
6) діни бірлестік;
7) ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ жерлерде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысуларды қоспағанда, Ұлттық пошта операторы;
8) арнаулы мобильді қосымша арқылы есеп айырысуды жүзеге асыратын тұлға босатылады.
3. Қызметі ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ жерлерде болатын салық төлеуші ақшалай есеп айырысуларды жүзеге асыру кезінде бақылау-касса машиналарын деректерді бермей қолданады.
4. Қолма-қол ақша арқылы сауда операциялары немесе қызметтер көрсету кезінде ақшалай есеп айырысуларды жүзеге асыратын сауда автоматтары мен көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу терминалдары деректерді тіркеп-белгілеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасымен жарақтандырылуға жатады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-110/