НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

116-бап. Қосымша салықтық есептілікті және хабарлама бойынша

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

салықтық есептілікті ұсынуға байланысты негізгі ережелер
1. Бұрын ұсынылған салықтық есептілікте көрсетілген мәліметтерді өзгерту және (немесе) толықтыру қосымша салықтық есептілікті және (немесе) хабарлама бойынша салықтық есептілікті ұсыну арқылы жүргізіледі. Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген мәліметтердің өзгерістерін және (немесе) толықтыруларын көрсету мынадай түрде жүргізіледі:
1) салықтық есептілікте көрсетілген сомалар өзгерген кезде салықтық есептіліктің тиісті жолында нақты сома мен салықтық есептілікте көрсетілген сома арасындағы айырма көрсетіледі;
2) салықтық есептілікте көрсетілген сомаға қатысы жоқ өзге мән өзгертілген кезде салықтық есептіліктің тиісті жолында жаңа мән көрсетіледі. Қосымша салықтық есептілікті және (немесе) хабарлама бойынша салықтық есептілікті ұсынған кезде салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің, әлеуметтік төлемдердің сомалары салық төлеушіні (салық агентін) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа тартпай төлеуге жатады.
2. Таратудың салықтық есептілігін ұсынғаннан кейін салық төлеушінің (салық агентінің) хабарлама бойынша салықтық есептілікті ұсынуына жол беріледі. Аяқталмаған салықтық кезең үшін салық төлеуші (салық агенті) ұсынған таратудың салықтық есептілігі мынадай:
1) салықтық тексеру аяқталғаннан кейін қызметті тоқтату немесе тарату, бөлу арқылы қайта ұйымдастыру туралы шешім өзгерген;
2) дара кәсіпкер тіркеу есебінен шығарылғанға дейін қызметін тоқтату туралы шешімді өзгерткен;
3) дара кәсіпкерді тіркеу есебінен шығарудан бас тартылған жағдайларда, салықтық кезеңдегі кезекті салықтық есептілікке теңестіріледі.
3. Мынадай:
1) нұсқамада көрсетілген салықтар, бюджетке төленетін төлемдер, әлеуметтік төлемдер бойынша салықтық тексерулерді жүргізу кезеңінде (тоқтата тұруды ескере отырып) – тексерілетін салықтық кезеңдегі;
2) шағымда көрсетілген салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің, әлеуметтік төлемдердің түрлері бойынша шағым берудің қалпына келтірілген мерзімін ескере отырып, салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға салық төлеушінің (салық агентінің) шағым беру және шағымын қарау мерзімі кезеңінде – шағым жасалатын салықтық кезеңдегі;
3) қосылған құн салығын қайтару туралы талап көрсетілген;
4) ағымдағы салықтық кезеңнің соңғы жұмыс күнінен кешіктірмей – есепті салықтық кезеңнің екінші, үшінші және төртінші тоқсандары үшін төленуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер бойынша;
5) «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының талаптарына сәйкес активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсынған адамдардың активтер мен міндеттемелер туралы салықтық есептілікке қосымша салықтық есептілікті ұсынуына жол берілмейді.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-116/