Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
117-бап. Салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұруға және қайта
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
бастауға байланысты негізгі ережелер
1. Салық төлеуші (салық агенті):
1) салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұруға;
2) тоқтата тұру мерзімі өткенге дейін салықтық есептілікті ұсынуды қайта бастауға құқылы.
Салық төлеуші қызметі қайта басталған кезде салықтық есептілікті ұсынуды міндетті түрде қайта бастайды.
Салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрудың жалпы мерзімі талап қоюдың ескіру мерзімінен аспауға тиіс.
Салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрған күннен бастап қайта басталған күнге дейінгі кезеңде қосылған құн салығын төлеушіге электрондық шот-фактуралар жазып беру тоқтатыла тұрады.
Салық салу объектілері болған кезде салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық есептілігін ұсыну тоқтатыла тұрмайды.
2. Салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұру және (немесе) қайта бастау туралы мәліметтер салық органы тиісті шешімді қабылдаған күннен кешіктірілмей уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланады.
Уәкілетті органның интернет-ресурсында салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұру және (немесе) қайта бастау туралы мәліметтерді жариялау салықтық өтініште немесе жергілікті атқарушы органның жолданымында көрсетілген кезең үшін салықтық есептілікті ұсынбауға негіз болып табылады.
3. Салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық есептілікті ұсынуын тоқтата тұрудан бас тарту:
1) салықтық берешек, әлеуметтік төлемдер бойынша берешек болған;
2) салық төлеуші әрекет етпейтін салық төлеушілердің тізіліміне енгізілген;
3) салық органының орындалмаған хабарламалары болған жағдайда қабылданады.
4. Салық органы:
1) салық төлеуші (салық агенті) салықтық есептілікті ұсыну күнінен бастап салықтық есептілікті ұсынған;
2) қызметін тоқтата тұру кезеңінде немесе қайта бастаған күннен бастап салық төлеушінің (салық агентінің) қызметін қайта бастау фактісі анықталған жағдайда, салықтық есептілікті ұсынуды қайта басталды деп таниды.
Салық төлеушінің (салық агентінің) салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді және әлеуметтік міндеттемелерді есептеу, төлеу бойынша салықтық міндеттеменің туындауына алып келетін қызметті жүзеге асыруды бастауы осы баптың мақсаттары үшін қызметті қайта бастау деп танылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-117/