НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

118-бап. Салықтық міндеттеменің, әлеуметтік міндеттеменің

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

орындалуын есепке алу жөніндегі жалпы ережелер
1. Салық органы осы тарауға және жеке шотты жүргізу тәртібіне сәйкес жеке шотты жүргізеді. Жеке шот ұлттық валютада, сондай-ақ Қазақстан Республикасының салық заңнамасында заттай нысанда төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау тікелей көзделгенде заттай нысанда жүргізіледі.
2. Жеке шотты жүргізу:
1) салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің, әлеуметтік төлемдердің, өсімпұл мен айыппұлдардың есептелген, есепке жазылған, төленген сомаларын есепке алуды, оның ішінде салықтар, бюджетке төленетін төлемдер және әлеуметтік төлемдер бойынша есеп айырысуларды салыстырып тексеруді жүзеге асыруды, берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді және салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің, әлеуметтік төлемдердің, өсімпұлдың, айыппұлдардың барлық немесе жекелеген түрлері бойынша бюджетпен есеп айырысулардың жай-күйі туралы салық төлеушінің жеке шотынан үзінді-көшірме ұсынуды;
2) салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұл мен айыппұлдардың артық (қате) төленген сомасын есепке жатқызуды;
3) салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұл мен айыппұлдардың артық (қате) төленген сомасын қайтаруды;
4) салықты, бюджетке төленетін төлемді, өсімпұл мен айыппұлдарды есептен шығаруды;
5) есеп-қисаптар сальдосын қалыптастыруды;
6) жеке шотқа байланысты әрекеттерді көздейді.
3. Осы тараудың ережелері Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес іс жүргізу салық органының құзыретіне жатқызылған әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін салынатын айыппұлдарға қолданылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-118/