НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

119-бап. Салықтың, бюджетке төленетін төлемнің және әлеуметтік

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

төлемнің есептелген, есепке жазылған, төленген сомаларын айқындау
1. Мыналар:
1) салық төлеуші (салық агенті) салықтық есептілікте;
2) көлік құралдарына салынатын салық пен жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық сомаларын есептеу кезінде уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтері негізінде салық органы;
3) есепті салықтық кезеңнің 1-тоқсанындағы корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдердің сомаларын есептеу кезінде салық органы;
4) осы Кодексте көзделген негіздер бойынша уәкілетті мемлекеттік органдар айқындаған сома салықтың, бюджетке төленетін төлемнің және әлеуметтік төлемнің есептелген сомасы болып табылады.
2. Мыналар салықтың, бюджетке төленетін төлемнің және әлеуметтік төлемнің есепке жазылған сомасы болып табылады:
1) салық органы: салықтық тексеру нәтижелері бойынша; салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымын қарау нәтижелері бойынша; уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтері негізінде айқындаған сома;
2) осы Кодексте белгіленген құзыреті шегінде уәкілетті мемлекеттік органдар айқындаған сома.
3. Осы Кодексте көзделген түзетулерді, жеңілдіктерді, шегерімдерді немесе азайтуларды ескере отырып, салық, бюджетке төленетін төлем және әлеуметтік төлем сомасын есептеу нәтижесі салықтың, бюджетке төленетін төлемнің және әлеуметтік төлемнің есептелген және есепке жазылған сомасы болып табылады.
4. Мыналар салықтың, бюджетке төленетін төлемнің төленген сомасы болып табылады:
1) салық төлеуші (салық агенті) төлеген салық, бюджетке төленетін төлем сомасы, оның ішінде осы салықты, бюджетке төленетін төлемді төлеу есебіне есепке жатқызылған сома;
2) салықтық берешекті өтеу есебіне салық органы немесе сот орындаушысы өндіріп алған сома. Белгілі бір уақыт кезеңі үшін төленген салық, бюджетке төленетін төлем сомасы осындай уақыт кезеңі үшін салық төлеушіге (салық агентіне) есепке жатқызылған және қайтарылған салық, бюджетке төленетін төлем сомасы шегеріліп есептеледі.
5. Мыналар әлеуметтік төлемнің төленген сомасы болып табылады:
1) салық төлеуші (салық агенті) төлеген әлеуметтік төлем сомасы;
2) салық органы өндіріп алған сома. Белгілі бір уақыт кезеңі үшін төленген әлеуметтік төлем сомасы осындай уақыт кезеңі үшін салық төлеушіге (салық агентіне) қайтарылған әлеуметтік төлем сомасы шегеріліп есептеледі.
6. Салықтық және (немесе) кедендік тексеруді жүргізу кезінде өсімпұл осындай тексеру аяқталған күнге дейін есепке жазылады. Салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген есепке жазылған (есептелген) сомалар жеке шотта көрсетілгеннен кейін салық төлеушіге (салық агентіне) өсімпұл, төлеу күнін қоса алғанда, салықтық және (немесе) кедендік тексеру аяқталған күннен бастап жеке шотта есепке жазылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-119/