Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
141-бап. Салыстырмалы бақылау
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
1. Салыстырмалы бақылау – салық төлеуші жазып берген электрондық шот-фактураларды:
1) оның өнім берушілері жазып берген электрондық шот-фактуралардың;
2) салықтық есептіліктің;
3) салық төлеушінің қызметі жөніндегі өзге де уәкілетті мемлекеттік органдардың, оның ішінде салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтердің;
4) банктік шоттар бойынша екінші деңгейдегі банктер мәліметтерінің деректерімен салыстыру арқылы салық органы жүзеге асыратын іс-шара.
Салыстырмалы бақылауды салық органы тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету жөніндегі айналымның іс жүзінде жасалғанын анықтау мақсатында жүргізеді.
2. Салыстырмалы бақылау талап қоюдың ескіру мерзімі шегінде жазып берілген электрондық шот-фактуралар бойынша жүзеге асырылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-141/