Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
143-бап. Салықтық мониторингтің жалпы ережелері
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
1. Салықтық мониторинг – Қазақстан Республикасының салық заңнамасының және Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасының сақталуын бақылау мақсатында салық төлеушілердің жекелеген санаттарының қызметі туралы ақпаратты жинау және талдау.
2. Салықтық мониторинг түрлері:
1) ірі салық төлеушілер мониторингі;
2) трансферттік баға белгілеу мәселелерін қоспағанда, деңгейлес мониторинг.
3. Ірі салық төлеушілер мониторингі – ірі салық төлеушілер мониторингіне қатысушы ұсынған ақпаратты және құжаттарды зерделеу жолымен, оның ішінде уәкілетті органның талабы бойынша жүзеге асырылады.
Деңгейлес мониторинг уәкілетті орган мен деңгейлес мониторингке қатысушы арасында ақпараттық өзара іс-қимыл жасау арқылы жүзеге асырылады.
Ірі салық төлеушілер мониторингіне қатысушылардың тізбесіне енгізілген деңгейлес мониторингке қатысушыларға қатысты ірі салық төлеушілер мониторингі жүзеге асырылмайды.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-143/