НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

147-бап. Деңгейлес мониторингке қатысу

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

1. Деңгейлес мониторингке қатысу ерікті болып табылады. Салық төлеушіні деңгейлес мониторинг туралы келісім жасалатын салық төлеушілердің жекелеген санатына жатқызу өлшемшарттарына сәйкес келетін салық төлеуші деңгейлес мониторингке қатыса алады. Деңгейлес мониторинг туралы келісімге және ақпараттық өзара іс-қимыл регламентіне қол қойылғаннан кейін деңгейлес мониторингке қатысу жүзеге асырылады. Деңгейлес мониторинг туралы келісімнің, ақпараттық өзара іс-қимыл регламентінің нысаны, салық төлеушіні деңгейлес мониторинг туралы келісім жасалатын салық төлеушілер санатына жатқызу өлшемшарттары уәкілетті орган бекітетін деңгейлес мониторинг туралы келісімді жасасу және бұзу қағидаларында белгіленеді.
2. Салық төлеуші деңгейлес мониторингке қатысу үшін уәкілетті органға салық төлеушінің қызметі туралы жалпы ақпаратты, салық салу саласындағы ішкі бақылау жүйесі туралы ақпаратты, деректер сөресі туралы ақпаратты, сондай-ақ салықтар мен төлемдер бойынша салықтық есептіліктің көрсеткіштерін ашып көрсету және олардың салықтық, бухгалтерлік тіркелімдердің және салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындауға негіз болып табылатын өзге де құжаттардың көрсеткіштерімен өзара байланысы сипаттамасын қоса бере отырып, деңгейлес мониторингке қатысу туралы өтінішті ұсынады. Деңгейлес мониторингке қатысу туралы өтініштің нысаны, сондай-ақ осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген өтінішке қосымшалардың нысандары, оларды беру мерзімдері мен қарау тәртібі уәкілетті орган бекітетін деңгейлес мониторингке қатысу туралы өтінішті беру және қарау қағидаларында белгіленеді. Деңгейлес мониторинг туралы келісімге қол қойылғаннан кейін салықтар мен төлемдер бойынша салықтық есептіліктің көрсеткіштерін ашып көрсету және олардың салықтық, бухгалтерлік тіркелімдердің және салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындауға негіз болып табылатын өзге де құжаттардың көрсеткіштерімен өзара байланысы сипаттамасына өзгерістер мен толықтырулар ақпараттық өзара іс-қимыл регламентіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жолымен енгізіледі. Салықтық есептіліктің көрсеткіштерін ашып көрсетуге, сондай-ақ олардың салықтық, бухгалтерлік тіркелімдердің және салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау үшін негіз болып табылатын өзге де құжаттардың көрсеткіштерімен өзара байланысына қойылатын ең төменгі талаптарды уәкілетті орган бекітеді.
3. Деңгейлес мониторинг туралы келісім оны ұзарту және (немесе) бұзу мүмкіндігімен кемінде үш жыл мерзімге жасалады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-147/