Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
149-бап. Деңгейлес мониторингтің нәтижелері
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
бойынша ұсынымдар
1. Уәкілетті орган деңгейлес мониторингті жүргізу барысында:
Қазақстан Республикасының салық заңнамасының бұзылуы анықталған кезде деңгейлес мониторингке қатысушыға өз бетінше жою үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзу фактісін куәландыратын негіздемелер мен дәлелдерді сипаттай отырып, салықтық міндеттемені орындау мәселелері жөніндегі ұсынымды жібереді;
деңгейлес мониторингке қатысушыға салық салу саласындағы ішкі бақылау жүйесін жақсарту жөнінде ұсыным беруге құқылы.
2. Деңгейлес мониторингке қатысушы салықтық міндеттемені орындау мәселелері жөніндегі ұсыным және (немесе) салық салу саласындағы ішкі бақылау жүйесін жақсарту жөніндегі ұсыным табыс етілген күннен кейінгі отыз жұмыс күні ішінде:
1) салықтық міндеттемені орындау мәселелері жөніндегі ұсыныммен келіскен жағдайда, бұзушылықтар анықталған салықтық кезеңге қосымша салықтық есептілік ұсынады және бұл туралы уәкілетті органға хабар береді;
2) салық салу саласындағы ішкі бақылау жүйесін жақсарту жөніндегі ұсыныммен келіскен жағдайда, оны іске асыру мерзімдері көрсетілген хатты ұсынады;
3) салықтық міндеттемені орындау мәселелері жөніндегі ұсыныммен және (немесе) салық салу саласындағы ішкі бақылау жүйесін жақсарту жөніндегі ұсыныммен келіспеген жағдайда, түсінік береді.
3. Уәкілетті орган салықтық міндеттемені орындау мәселелері жөніндегі ұсынымға және (немесе) салық салу саласындағы ішкі бақылау жүйесін жақсарту жөніндегі ұсынымға деңгейлес мониторингке қатысушының түсінігін алған күннен кейінгі отыз жұмыс күні ішінде:
1) ұсынылған түсінікпен келіскен жағдайда – деңгейлес мониторингке қатысушыға түсінікпен келісетіні туралы хабархат ұсынады;
2) ұсынылған түсінікпен келіспеген жағдайда, деңгейлес мониторингке қатысушымен қосымша талқылау жүргізеді.
Егер қосымша талқылау нәтижелері бойынша келіспеушіліктер жойылмаса, уәкілетті орган деңгейлес мониторингке қатысушымен келіспеушіліктер хаттамасын жасайды.
4. Консультативтік кеңес келіспеушіліктер хаттамасында көрсетілген мәселелерді қарау қорытындылары бойынша деңгейлес мониторинг бойынша мынадай:
1) салықтық міндеттемені орындау мәселелері және (немесе) салық салу саласындағы ішкі бақылау жүйесін жақсарту жөніндегі ұсынымдарды өзгеріссіз қалдыру туралы;
2) салықтық міндеттемені орындау мәселелері және (немесе) салық салу саласындағы ішкі бақылау жүйесін жақсарту жөніндегі ұсынымдардың күшін толық немесе бір бөлігінде жою туралы уәжді шешімдердің (бұдан әрі осы параграфтың мақсатында – уәжді шешім) бірін қабылдайды.
Уәжді шешім деңгейлес мониторингке қатысушыға осындай шешім қабылданған күннен кейінгі бес жұмыс күні ішінде табыс етіледі.
5. Деңгейлес мониторингке қатысушы:
1) уәжді шешіммен келіспеген жағдайда, бұл туралы уәкілетті органға осындай шешім табыс етілген күннен кейінгі бес жұмыс күні ішінде хабарлайды;
2) мынадай:
салықтық міндеттемені орындау мәселелері жөніндегі уәжді шешіммен келіскен жағдайда, осындай шешім табыс етілген күннен кейінгі он бес жұмыс күні ішінде мұндай шешімді орындайды;
салық салу саласындағы ішкі бақылау жүйесін жақсарту жөніндегі уәжді шешіммен келіскен жағдайда, іске асыру мерзімдерін көрсете отырып, осындай шешімді орындайды, бұл туралы уәкілетті органға осындай шешім табыс етілген күннен кейінгі он бес жұмыс күні ішінде хабарлайды.
6. Салықтық міндеттемені орындау мәселелері жөніндегі деңгейлес мониторинг бойынша уәжді шешіммен келіспеген және (немесе) мұндай шешімді орындамаған жағдайда, тақырыптық салықтық тексеру жүргізіледі.
Бұл ретте осы тармақтың бірінші бөлігінде айқындалған уәжді шешім – салықтық тексеруді тағайындауды көздейтін салық органының алдын ала актісі, ал деңгейлес мониторингке қатысушының түсінігі – осындай алдын ала шешімге ұстанымы деп танылады.
Салық салу саласындағы ішкі бақылау жүйесін жақсарту мәселелері жөніндегі деңгейлес мониторинг бойынша уәжді шешіммен келіспеген және (немесе) мұндай шешімді орындамаған жағдайда, уәкілетті орган Консультативтік кеңеске деңгейлес мониторинг туралы келісімді бұзу туралы мәселені шығарады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-149/