НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

151-бап. Салықтық бақылау

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

1. Салықтық бақылау – сақталуын бақылау салық органдарына жүктелген, салық органдары жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының салық заңнамасы мен Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасы нормаларының орындалуын мемлекеттік бақылау.
2. Салықтық бақылауды салықтық тексеруді жүргізу арқылы тек салық органдары жүзеге асырады.
3. Салықтық тексеру жүргізудің жалпы тәртібі осы Кодексте, сондай-ақ осы Кодексте реттелмеген бөлігінде Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде айқындалады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-151/