НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

152-бап. Салықтық тексеру

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

1. Салықтық тексеру кешенді, тақырыптық, қарсы салықтық тексеру, хронометраждық зерттеп-қарау нысанында жүзеге асырылады. Салықтық тексеруге жататын кезең талап қоюдың ескіру мерзімінен аспауға тиіс. Салық органдары заңды тұлғаның өзіне салықтық тексеру жүргізілуіне қарамастан, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелеріне салықтық тексерулерді жүзеге асыруға құқылы.
2. «Жедел-іздестіру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың қызметкерлеріне қатысты салықтық тексеру ерекше тәртіппен жүргізіледі. Салықтық тексеруді жүргізудің ерекше тәртібін арнаулы мемлекеттік органдармен, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери барлау органдарымен, құқық қорғау органдарымен бірлесіп, уәкілетті орган айқындайды.
3. Тексерілетін кезеңді айқындау кезінде:
1) резидент-заңды тұлғаны, бейрезидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесін қайта ұйымдастыру немесе тарату кезінде тағайындалатындарды қоспағанда, кешенді салықтық тексеру;
2) салық төлеушінің (салық агентінің) өзінің салықтық өтініші немесе шағымы бойынша, оның ішінде: қосылған құн салығы бойынша төлеушіні тіркеу есебінен шығаруға байланысты салықтық өтініші бойынша; салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға салық төлеушінің (салық агентінің) шағымына байланысты тақырыптық салықтық тексеру тағайындалған кезде салықтар бойынша аудитпен қамтылған салықтық кезең енгізілмейді. Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережесі:
1) салықтық мониторингке жататын салық төлеушілерге;
2) жер қойнауын пайдаланушыларға;
3) акцизделетін өнімнің, биоотынның жекелеген түрлерін өндіру және олардың айналымы жөніндегі қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушілерге қатысты салықтық тексерулерге қолданылмайды.
4. Салықтық тексеру салықтық жүктеме коэффициентінің көрсеткішін ескере отырып, осы Кодекске сәйкес тағайындалады. Бұл ретте салық төлеушінің салықтық жүктемесінің коэффициенті тиісті қызмет түрі бойынша және қызмет жүзеге асырылатын өңірді ескере отырып, салықтық жүктеме коэффициенті жоғарғы көрсеткішінің кемінде 90 пайызын құрайтын салықтық кезеңге кешенді салықтық тексеру тағайындалмайды. Осы тармақтың екінші бөлігінің ережелері прокуратура органдарының талабы бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік заңнамасында көзделген негіздерде салық төлеушінің өз өтініші бойынша кешенді салықтық тексеру тағайындалған жағдайларға қолданылмайды.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-152/