Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
163-бап. Салықтық тексерулерді жүргізу мерзімі
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
Бұрынғы кодексте:
Статья 139. Участники налоговых проверок
· толық сәйкестік кестесі
Бұрынғы кодексте:
Статья 140. Формы налоговых проверок
· толық сәйкестік кестесі
Бұрынғы кодексте:
Статья 146. Срок проведения налоговых проверок
· толық сәйкестік кестесі
Бұрынғы кодексте:
Статья 149. Начало проведения налоговых проверок
· толық сәйкестік кестесі
Бұрынғы кодексте:
Статья 153. Особенности проведения тематических проверок
· толық сәйкестік кестесі
1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, салық органының нұсқамасында көрсетілген салықтық тексеруді жүргізу мерзімі нұсқама табыс етілген күннен бастап отыз жұмыс күнінен аспауға тиіс.
2. Құрылымдық бөлімшелері жоқ заңды тұлғаларға, дара кәсіпкерлерге және Қазақстан Республикасында біреуден аспайтын тұрған жері болған кезде қызметін тұрақты мекемелер арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттерге қатысты:
1) салық органы тағайындаған салықтық тексеруді жүргізу мерзімін:
салық органы – қырық жұмыс күніне дейін;
жоғары тұрған салық органы – елу жұмыс күніне дейін ұзартуы мүмкін;
2) уәкілетті орган тағайындаған салықтық тексеруді жүргізу мерзімі елу жұмыс күніне дейін ұзартылуы мүмкін.
3. Құрылымдық бөлімшелері бар заңды тұлғаларға және Қазақстан Республикасында біреуден астам тұрған жері болған кезде қызметін тұрақты мекемелер арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттерге қатысты:
1) салық органы тағайындаған салықтық тексеруді жүргізу мерзімін:
салық органы – алпыс бес жұмыс күніне дейін;
жоғары тұрған салық органы – бір жүз алпыс жұмыс күніне дейін ұзартуы мүмкін;
2) уәкілетті орган тағайындаған салықтық тексеруді жүргізу мерзімін уәкілетті орган бір жүз алпыс жұмыс күніне дейін ұзартуы мүмкін.
Осы баптың 2 және 3-тармақтарында көрсетілген салықтық тексеруді жүргізу мерзімі, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты салықтық тексерулерді қоспағанда немесе шет мемлекеттерге ақпарат беру туралы сұрау салу жіберілген және халықаралық келісімдерге сәйкес ол бойынша мәліметтер алған кезде осындай тексеруді жүргізу басталған күннен бастап күнтізбелік бір жүз сексен күннен аспауға тиіс.
4. Салықтық мониторингте тұрған салық төлеушілерге қатысты:
1) салық органы тағайындаған салықтық тексеруді жүргізу мерзімін:
салық органы – жетпіс бес жұмыс күніне дейін;
жоғары тұрған салық органы – бір жүз сексен жұмыс күніне дейін ұзартуы мүмкін;
2) уәкілетті орган тағайындаған салықтық тексеруді жүргізу мерзімін уәкілетті орган бір жүз сексен жұмыс күніне дейін ұзартуы мүмкін.
5. Осы бапта көзделген ұзартуды ескере отырып, салықтық тексеруді жүргізудің жалпы мерзімі осы баптың 2, 3 және 4-тармақтарында айқындалған мерзімдерден аспауға тиіс.
6. Салықтық тексеруді жүргізу мерзімінің өтуін салық органдары:
салық органының мәліметтерді және (немесе) құжаттарды ұсыну туралы талабын салық төлеушіге (салық агентіне) табыс ету және салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық тексеруді жүргізу кезінде сұратылатын мәліметтерді және (немесе) құжаттарды ұсынуы;
салық органының сұрау салуын басқа салық органдарына, мемлекеттік органдарға, банк ұйымдарына және Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын өзге де ұйымдарға жіберу және көрсетілген сұрау салу бойынша мәліметтерді және (немесе) құжаттарды алу;
шет мемлекеттерге ақпарат беру туралы сұрау салуды жіберу және халықаралық келісімдерге сәйкес салық органдарының ол бойынша мәліметтер алуы;
салықтық тексерудің алдын ала актісіне тексерілетін салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша қарсылықты дайындауы және оны салық органының Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен қарауы кезеңінде тоқтата тұруы мүмкін.
Салық органы салықтық тексеруді жүргізу мерзімін тоқтата тұру немесе қалпына келтіру кезінде мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органды хабардар етеді.
Осы бапта көзделген негіздер бойынша тоқтата тұру мерзімі:
1) салықтық мониторингке тұрған салық төлеушілерді;
2) резидент-заңды тұлғаның, бейрезидент-заңды тұлға құрылымдық бөлімшесінің таратылуына, бейрезидент-заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын қызметін тоқтатуына, дара кәсіпкер қызметінің тоқтатылуына байланысты жүргізілетін;
3) мынадай:
трансферттік баға белгілеу;
қосылған құн салығының қайтаруға ұсынылған асып кету сомаларының анықтығын растау;
бейрезиденттің өтініші негізінде бюджеттен табыс салығын қайтару бойынша салық агенттерін тексеру мәселелері;
салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға салық төлеушінің (салық агентінің) шағымында баяндалған мәселелер бойынша тақырыптық салықтық тексерулер;
4) Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде көзделген негiздер бойынша жүргiзiлетiн;
5) салық төлеушіге (салық агентіне) салықтық тексерулер жүргізу барысында құжаттарды (мәліметтерді) ұсыну туралы салық органының талабын қойған жағдайда;
6) салық төлеушiге (салық агентіне) салықтық тексерудің алдын ала актісі шығарылған, сондай-ақ салық органы Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен салықтық тексерудің алдын ала актiсіне салық төлеушiнің (салық агентінің) жазбаша қарсылығын қараған жағдайларда салықтық тексеру мерзiмiне кiрмейдi.
Осы тармақта көрсетілмеген өзге де салықтық тексерулерді тоқтата тұру мерзімі салықтық тексеру мерзіміне енгізіледі.
7. Салық органы тексерілетін салық төлеушіге (салық агентіне) салықтық тексеруді тоқтата тұру немесе қайта бастау туралы хабархатты тоқтата тұру немесе қайта бастау күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде:
1) егер салық төлеуші веб-порталда тіркелген болса – веб-портал арқылы электрондық тәсілмен жіберу жолымен ұсынуға міндетті.
Салықтық тексеруді тоқтата тұру немесе қайта бастау туралы хабархат электрондық тәсілмен жіберілген кезде тексерілетін салық төлеуші (салық агенті) веб-портал пайдаланушысының жеке кабинетінде танысқан кезден бастап оған табыс етілді деп есептеледі;
2) осындай хабархат электрондық тәсілмен жіберілген күннен кейінгі бір жұмыс күні өткен соң веб-портал пайдаланушысының жеке кабинетінде мұндай хабархатпен таныспаған жағдайда – қолын қойғызып жеке табыс ету немесе хабарламасы бар тапсырысты хатпен пошта немесе өзге де байланыс ұйымы арқылы жіберу жолымен ұсынуға міндетті.
Салықтық тексеруді тоқтата тұру немесе қайта бастау туралы хабархат хабарламасы бар тапсырысты хатпен пошта немесе өзге байланыс ұйымы арқылы жіберілген кезде тексерілетін салық төлеуші (салық агенті) пошта немесе өзге байланыс ұйымының хабарламасына белгі қойған күннен бастап оған табыс етілді деп есептеледі.
Салықтық тексеруді тоқтата тұру немесе қайта бастау туралы хабархатты қолын қойғызып жеке табыс еткен кезде тексерілетін салық төлеуші (салық агенті) салық органының данасына танысқаны және алғаны туралы қолтаңбасын, сондай-ақ алған күні мен уақытын қояды.
8. Қосылған құн салығының қайтаруға ұсынылған асып кету сомаларының анықтығын растау бойынша тақырыптық салықтық тексерулерді жүргізу, ұзарту және тоқтата тұру мерзімі осы Кодекстің 10-тарауының 2-параграфында көзделген мерзімдер сақтала отырып белгіленеді.
9. Хронометраждық зерттеп-қарауды жүргізу мерзімі отыз жұмыс күнiнен аспайды.
Осы бапта көзделген салықтық тексеру мерзімінің өтуін ұзарту және (немесе) тоқтата тұру хронометраждық зерттеп-қарауды жүргізу кезінде қолданылмайды.
Хронометраждық зерттеп-қарау жұмыстан тыс уақытта (түнгі уақытта, демалыс, мереке күндері), егер тексерілетін салық төлеуші (салық агенті) өз қызметін көрсетілген уақытта жүзеге асырса, жүргізілуі мүмкін.
10. Салықтық тексеруді жүргізу мерзіміне:
1) салық төлеушіге (салық агентіне) салықтық тексеру актісін электрондық тәсілмен жіберу күні мен мұндай актіні электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландыру күні;
2) салық төлеушіге (салық агентіне) салықтық тексеру актісін электрондық тәсілмен жіберу күні мен электрондық цифрлық қолтаңба арқылы мұндай актіні куәландыру болмаған жағдайда, қолын қойғызып табыс ету күні арасындағы кезең енгізілмейді.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-163/