НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

169-бап. Салықтық тексерудің алдын ала актісі

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

1. Салықтық тексерудің алдын ала актісі – тексеруші Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жасаған және салықтық тексеру актісі жасалғанға дейін салық төлеушіге (салық агентіне) табыс етілетін салықтық тексерудің алдын ала нәтижелері туралы құжат. Тексерілетін салық төлеуші (салық агенті) салықтық тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылық беруге құқылы.
2. Салық төлеушіге (салық агентіне) салықтық тексерудің алдын ала актісін табыс ету, салықтық тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылық ұсыну, сондай-ақ осындай қарсылықты қарау тәртібі мен мерзімдерін уәкілетті орган бекітеді.
3. Салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымын қарау кезінде жіберілген тақырыптық салықтық тексеруді тағайындау және жүргізу туралы уәкілетті органның тапсырмасы негізінде тағайындалған салықтық тексеруді тағайындау кезінде салықтық тексерудің алдын ала актісі жасалмайды және табыс етілмейді.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-169/