Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
182-бап. Куәгердің қатысуы
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
1. Салық органдары лауазымды адамдарының мынадай әрекеттер жасауы:
1) салық органдарының осы Кодексте көзделген құжаттарын табыс етуі (салық төлеуші (салық агенті) оларды қабылдаудан бас тартқан кезде);
2) салық төлеушінің (салық агентінің) билік ету шектелген мүлкін тізімдеу;
3) салық салу объектiсi және (немесе) салық салуға байланысты объект болып табылатын мүлiкке оның тұрған жеріне қарамастан, нұсқаманың негiзiнде жүргізілетін зерттеп-қарау;
4) нұсқаманың негiзiнде салық төлеушiнiң (салық агентінің) мүлкіне (тұрғын үй-жайлардан басқа), оның ішінде осы Кодексте айқындалған тәртіппен арнаулы құралдарды (фото-, аудио-, бейнеаппаратураларды) қолдана отырып түгендеу жүргiзу;
5) салықтық зерттеп-қарау өздерінің талап етуі немесе салық төлеушінің (салық агентінің) талап етуі бойынша кемінде екі куәгердің қатысуымен жүзеге асырылады.
2. Куәгер ретінде салық органы лауазымды адамының және салық төлеушінің (салық агентінің) әрекеттерінің нәтижесіне мүдделі емес кәмелетке толған, әрекетке қабілетті азаматтар тартылады.
Салық органының, уәкілетті мемлекеттік органдардың лауазымды адамының, өзіне қатысты осы баптың 1-тармағында көзделген әрекет жасалып жатқан салық төлеушi (салық агенті) жұмыскерінің және құрылтайшысының куәгер ретінде қатысуына жол берілмейді.
3. Куәгер әрекеттер жасалған кезде өзі қатысқан, салық органының лауазымды адамы жасайтын, куәгердің қатысуымен әрекет жасау туралы актіде тіркеп-белгіленген салық органының лауазымды адамдары мен салық төлеуші (салық агенті) әрекеттерінің фактісін, мазмұнын және нәтижелерін куәландырады.
Куәгер жасалған әрекеттер туралы ескертулер жасауға құқылы. Куәгердің жасаған ескертулері салық органының лауазымды адамы жасайтын, куәгердің қатысуымен әрекет жасау туралы актіге енгізілуге тиіс.
Салық органының лауазымды адамы жасайтын, куәгердің қатысуымен әрекет жасау туралы актіде куәгер ретінде қатысқан адамның тегі, аты және әкесінің аты, жеке сәйкестендіру нөмірі, тұрғылықты жері, жеке басын куәландыратын құжаттың түрі мен нөмірі міндетті түрде көрсетіледі.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-182/