НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

183-бап. Салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді төлеу жөніндегі

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

салықтық міндеттемені мәжбүрлеп орындату
1. Салық органы осы Кодексте көзделген тәртіппен және мерзімдерде:
1) салықтық берешектің шекті мөлшерінен асатын сомада салықтық берешек түзілген кезде заңды тұлғаға, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесіне, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидентке, дара кәсіпкерге, жеке практикамен айналысатын адамға салықтық берешекті өтеу туралы хабарлама ұсынады;
2) салықтық берешек түзілген кезде жеке тұлғаға жеке тұлғаның салықтық берешегін өтеу туралы хабарлама ұсынады.
2. Салық төлеуші (салық агенті) салықтық берешек сомасымен келіспеген кезде осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген хабарламаларды орындау мерзімі өткенге дейін салық органымен бірлесіп, салықтар, бюджетке төленетін төлемдер бойынша есеп-қисаптарды салыстырып тексеруді жүргізеді. Салықтар, бюджетке төленетін төлемдер бойынша есеп-қисаптарды салыстырып тексерудің қорытындылары бойынша салық органының лауазымды адамы мен салық төлеуші (салық агенті) қол қоятын салықтар, бюджетке төленетін төлемдер бойынша есеп-қисаптарды салыстырып тексеру актісі жасалады. Салық төлеушінің (салық агентінің) деректері мен салық органының деректері бойынша алшақтықтар болған жағдайда, салық органы жеке шотты жүргізу тәртібіне сәйкес пайда болған алшақтықтарды жою жөнінде шаралар қабылдайды.
3. Салық төлеуші (салық агенті) салықтық берешекті өз бетінше өтеу мүмкіндігі болмаған жағдайда, салықтық берешекті өтеу туралы хабарламаны орындау мерзімі ішінде салық органына:
1) дебиторлық берешек сомасын көрсете отырып, дебиторлардың тізімін;
2) салық төлеушінің (салық агентінің) пайдасына берешек сомаларын дебиторлардан өндіріп алу туралы заңды күшіне енген сот актісінің көшірмесін (бар болса) ұсынады. Сотта дау айтылатын дебиторлық берешек сомалары растауға жатпайды. 4. Салық органы салықтық берешекті өтеу туралы хабарламаны немесе жеке тұлғаның салықтық берешегін өтеу туралы хабарламаны орындау мерзімі өткен соң салық төлеушіге (салық агентіне) осы Кодекстің 5-тарауының 4-параграфында көзделген тәртіпке сәйкес қамтамасыз ету тәсілдерін қолданады. Осы Кодекстің 84-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында белгіленген, шығыс операцияларын тоқтата тұру түріндегі қамтамасыз ету тәсілі салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді төлеу бойынша салықтық міндеттеме мәжбүрлеп орындалған кезде салықтық берешек шегінде жүргізіледі. Салық төлеуші (салық агенті) салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді төлеу бойынша қамтамасыз етілген салықтық міндеттемені орындамаған жағдайда, салық органы осы тарауда көзделген салықтық берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолданады. Жеке тұлғаның салықтық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алуды «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сот орындаушысы жүзеге асырады. Салықтық берешек салық төлеушіден (салық агентінен) немесе осы тарауда көзделген жағдайда өзге тұлғалардан өндіріп алынады.
5. Салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық берешегін салық органының мәжбүрлеп өндіріп алу тәртібін уәкілетті орган айқындайды. Салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық берешегін салық органының мәжбүрлеп өндіріп алу тәртібі салықтық берешек пайда болған күннен бастап салық төлеушіге (салық агентіне) қатысты салық органы жүргізетін рәсімдерді қамтуға тиіс.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-183/