Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
184-бап. Салықтық берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
Бұрынғы кодексте:
Статья 39. Порядок погашения налоговой задолженности
· толық сәйкестік кестесі
Бұрынғы кодексте:
Статья 121. Меры принудительного взыскания налоговой
· толық сәйкестік кестесі
шаралары
1. Салықтық берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары (бұдан әрі – мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары) – салық төлеушінің (салық агентінің) белгіленген мерзімде ерікті түрде орындалмаған салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындауын қамтамасыз етуге бағытталған салық органының әрекеттері.
2. Салық төлеушіге (салық агентіне) қолданылатын мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары мыналар болып табылады:
1) оның банктік шоттарындағы ақша есебінен өндіріп алу;
2) дебиторлардың шоттарынан өндіріп алу;
3) оның билік ету шектелген мүлкін өткізу есебінен өндіріп алу;
4) жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару;
5) Қазақстан Республикасынан шығуды уақытша шектеу;
6) жеке тұлғаның берешегін өндіріп алу туралы салық бұйрығын шығару.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) – 4) тармақшаларында көзделген мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары заңды тұлғаға, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесіне, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидентке, дара кәсіпкерге, жеке практикамен айналысатын адамға қолданылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 5) – 6) тармақшаларында көзделген мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары осы Кодекстің 189 және 190-баптарында айқындалған субъектілерге қолданылады.
3. Осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 1) – 5) тармақшаларында көзделген мәжбүрлеп өндіріп алу шараларының күші:
1) банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау туралы сот актісі шығарылған күннен бастап;
2) оңалту туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау туралы сот актісі шығарылған күннен бастап;
3) борышкерге қатысты берешекті қайта құрылымдау рәсімін қолдану туралы сот актісі шығарылған күннен бастап;
4) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының бейрезидент-банк филиалын, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айыру туралы шешім қабылдаған күннен бастап;
5) екінші деңгейдегі банкті, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот актісі заңды күшіне енген күннен бастап жойылуға жатады.
Осы тармақтың ережелері банкроттық және оңалту туралы істер бойынша іс жүргізу қозғалған, сондай-ақ борышкерге қатысты берешекті қайта құрылымдау рәсімін қолдану туралы сот актісі шығарылған күннен кейінгі күннен бастап пайда болған салықтық берешек сомаларына қолданылмайды.
4. Лауазымды адамдардың салықтық берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу жөніндегі әрекеттеріне шағым жасау салықтық берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу шараларының қолданылуын немесе күшін тоқтата тұрмайды.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-184/