НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

185-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) банктік шоттарындағы

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

ақша есебінен салықтық берешекті өндіріп алу
1. Салық төлеушінің (салық агентінің) банктік шоттарындағы ақша есебінен салықтық берешекті өндіріп алуды салық төлеуші (салық агенті) салықтық берешектің шекті мөлшерінен асатын сомада салықтық берешекті өтемеген кезде салық органы мәжбүрлеу тәртібімен жүзеге асырады.
2. Инкассолық өкімді салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) барлық банктік шоттарына шығарады. Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес өндіріп алуға жол берілмейтін банктік шоттарға қолданылмайды. Салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық берешек сомасы туралы деректер инкассолық өкім жасалған күні ескеріледі.
3. Салық органы салықтық берешек толық өтелген кезде инкассолық өкімдерді кері қайтарып алады.
4. Инкассолық өкімнің және инкассолық өкімді кері қайтарып алудың нысандарын Ұлттық Банк белгілейді.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-185/