Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
186-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық берешегін оның
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
дебиторларының шоттарынан өндіріп алу
1. Мәжбүрлеп өндіріп алу шарасы қабылданғаннан кейін салық төлеуші (салық агенті) салықтық берешектің шекті мөлшерінен асатын сомадағы салықтық берешегін өзінің банктік шоттарындағы ақша есебінен өтемеген жағдайда, салықтық берешекті өндіріп алу оның дебиторларының банктік шоттарындағы ақшаға қолданылады.
Осы баптың мақсаттарында дебитор деп салық төлеушінің (салық агентінің) алдында берешегі бар жеке тұлға, заңды тұлға, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент, дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам түсініледі.
2. Салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) дебиторларын анықтау мақсатында:
1) салық органының ақпараттық жүйесінің деректерін пайдалануға;
2) салық төлеуші (салық агенті) мен оның дебиторлары арасындағы өзара есеп айырысуларды айқындау мәселесі бойынша салық төлеушіге (салық агентіне) салықтық тексеруді және дебиторларды қарсы салықтық тексеруді жүргізуге құқылы.
3. Салық органы дебиторға дебиторлық берешекті растау туралы хабарлама жібереді.
4. Дебитор салық органына қағаз немесе электрондық жеткізгіште салық төлеушімен (салық агентімен) бірлесіп жасалған өзара есеп айырысуларды салыстырып тексеру актісін және (немесе) хабарламаны алған күні өзара есеп айырысуларды салыстырып тексеру актісін жасау мүмкін болмаған жағдайда, салық төлеушімен өзара есеп айырысуларды растайтын құжаттарды ұсынады.
5. Салық органы дебиторлық берешек сомасын растау туралы хабарлама орындалмаған кезде:
1) дебиторларды салықтық тексеруді жүргізеді;
2) осындай хабарламаны орындау мерзімі өткен күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім шығарады.
6. Салық органы дебитордың банктік шоттарына мынадай құжаттардың бірімен:
1) өзара есеп айырысуларды салыстырып тексеру актісімен;
2) дебиторлық берешек сомасын растайтын салықтық тексеру актісімен;
3) заңды күшіне енген сот шешімімен расталған дебиторлық берешек шегінде салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық берешегі сомасына инкассолық өкімдер шығарады.
7. Дебитордың банктік шоттарына шығарылған инкассолық өкімдер салық төлеуші (салық агенті) немесе дебитор салықтық берешекті өтеген кезде кері қайтарып алуға жатады.
8. Дебитордың бірнеше банкте ашылған банктік шоттарынан артық есептен шығарылған, инкассолық өкімде көрсетілген сомадан асатын мөлшердегі сома салық төлеушінің (салық агентінің) өтінішінсіз дебитордың сол банктік шотына қайтарылуға жатады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-186/