Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
187-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) билік ету шектелген
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
мүлкін өткізу есебінен салықтық берешегін өндіріп алу
1. Салық органы салықтық берешекті өндіріп алуды салық төлеуші (салық агенті) мынадай:
1) оның банктік шоттарындағы ақша есебінен;
2) оның дебиторларының шоттарынан мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары қабылданғаннан кейін салықтық берешегін өтемеген кезде, салық төлеушінің (салық агентінің) билік ету шектелген мүлкіне қолданады.
2. Салық төлеушінің (салық агентінің) билік ету шектелген мүлкіне өндіріп алуды қолдану туралы қаулыны салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) келісімінсіз шығарады.
3. Салық төлеушінің (салық агентінің) билік ету шектелген мүлкін салықтық берешек есебіне өткізу уәкілетті орган айқындаған, салық төлеуші және (немесе) үшінші тұлға кепілге қойған мүлікті, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) билік ету шектелген мүлкін өткізу тәртібімен жүзеге асырылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-187/