НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

190-бап. Жеке тұлғаның салықтық берешегін өндіріп алу

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

1. Жеке тұлғаның салықтық берешегін өндіріп алуды салық органы тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1 еселенген мөлшерінен астам салықтық берешегі өтелмеген кезде жүзеге асырады. Жеке тұлғаның салықтық берешегі деп кәсіпкерлік қызметті және жеке практиканы жүзеге асыруға байланысты емес салықтық міндеттемелер бойынша дара кәсіпкердің тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаның немесе жеке практикамен айналысатын адамның салықтық берешегі де түсініледі.
2. Салық органы жеке тұлғаның салықтық берешегін өтеу туралы хабарламаны орындау мерзімі өткеннен кейін жеке тұлғаның берешегін өндіріп алу туралы салық бұйрығын (бұдан әрі осы баптың мақсатында – салық бұйрығы) шығарады. Салық бұйрығын орындау мерзімі табыс етілген күнінен кейінгі бес жұмыс күнін құрайды.
3. Жеке тұлға салық бұйрығын орындамаған кезде салық органы Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасында айқындалған тәртіппен мәжбүрлеп орындату үшін салық бұйрығын аумақтылығы бойынша тиісті әділет органдарына не жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына жібереді.
4. Салық бұйрығының күші:
1) жеке тұлға салықтық берешегін өтеген;
2) салық бұйрығын шығару тәртібі бұзылған;
3) жеке тұлғаға қатысты «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сот арқылы банкроттық рәсімі қолданылған;
4) жеке тұлғаға қатысты «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімі қолданылған жағдайларда жойылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-190/