НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

191-бап. Салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

салық органдары лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау жөніндегі жалпы ережелер
1. Салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және салық органы лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) сотқа шағым жасау Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде көзделген тәртіппен жүргізіледі.
2. Салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға уәкілетті органға шағым жасау осы тараудың 1-параграфында айқындалған тәртіппен жүргізіледі. Салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымды беру және қарау осы Кодекстің 192 – 198-баптарында айқындалған тәртіппен жүргізіледі.
3. Салық төлеушінің (салық агентінің) уәкілетті органға немесе сотқа шағым (арыз) беруі салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаның шағым жасалған бөлігінде орындалуын тоқтата тұрады. Салық төлеуші (салық агенті):
1) уәкілетті органға шағым берген жағдайда, салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаны шағым жасалған бөлігінде орындау шағым бойынша шешім шығарылғанға дейін тоқтатыла тұрады;
2) сотқа талап қою берген жағдайда, салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаны шағым жасалған бөлігінде орындау сот әкімшілік істі іс жүргізуге қабылдаған күннен бастап сот актісі заңды күшіне енгенге дейін тоқтатыла тұрады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-191/