Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
196-бап. Шағымды қарау мерзімін тоқтата тұру
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
Бұрынғы кодексте:
Статья 183. Приостановление и (или) продление срока
· толық сәйкестік кестесі
Бұрынғы кодексте:
Статья 674. Порядок обжалования решения по результатам
· толық сәйкестік кестесі
және (немесе) ұзарту
1. Осы Кодекстің 195-бабының 1-тармағында белгіленген шағымды қарау мерзімі мынадай:
1) тақырыптық және қайталама тақырыптық салықтық тексерулер жүргізген жағдайда – осы Кодекстің 198-бабында айқындалған тәртіппен осындай тексерулер тағайындалған күннен бастап уәкілетті орган салықтық тексеру актісін алғаннан кейін он бес жұмыс күні өткен күнге дейінгі уақыт кезеңіне тоқтатыла тұрады.
Бұл ретте уәкілетті орган салықтық тексеру актісін алған күннен бастап шағымды қарау мерзімін тоқтата тұрудың көрсетілген кезеңі ішінде осы Кодекстің 197-бабының 1-тармағында көзделген шешімді шығаруға құқылы;
2) мемлекеттік органдарға, шет мемлекеттердің тиісті органдарына және өзге де ұйымдарға осындай органдар мен ұйымдардың құзыретіндегі мәселелер бойынша сұрау салу жіберген жағдайда – осындай сұрау салу жіберілген күннен бастап жауап алынған күнге дейінгі уақыт кезеңіне тоқтатыла тұрады.
2. Уәкілетті орган шағымды қарау мерзімін тоқтата тұру туралы салық төлеушіге (салық агентіне) тоқтата тұру себептерін көрсете отырып, тексеру тағайындалған және (немесе) сұрау салу жіберілген күннен кейінгі үш жұмыс күні ішінде хабарлайды.
3. Осы Кодекстің 195-бабының 1-тармағында белгіленген шағымды қарау мерзімі мынадай:
1) салық төлеуші (салық агенті) шағымға толықтыру (толықтырулар) ұсынған жағдайда он бес жұмыс күніне ұзартылады.
Бұл ретте осы Кодекстің 195-бабының 1-тармағында белгіленген мерзім шағымға кейіннен толықтырулар берудің әрбір жағдайында, осы тармақшада көрсетілген мерзімге ұзартылады;
2) уәкілетті орган шағым жасалған мәселені қосымша зерделеу қажет болған жағдайда тоқсан жұмыс күніне дейін ұзартады.
Уәкілетті орган осы тармақшаның бірінші бөлігінде көзделген жағдайда, салық төлеушіге (салық агентіне) шағымды қарау мерзімі ұзартылған күннен кейінгі үш жұмыс күні ішінде хабарлайды.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-196/