НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

208-бап. Қосылған құн салығын төлемеушілердің

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

шот-фактураны жазып беруі
1. Осы тармақта белгіленген жағдайларда мына қосылған құн салығын төлемеушілер шот-фактура жазып беруге міндетті:
1) осы Кодекстің 495-бабында белгіленген жағдайларда – комиссионер;
2) осы Кодекстің 494-бабында белгіленген жағдайларда – экспедитор;
3) мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік материалдық резервтен тауарлар шығарған кезде оның ведомствосы;
4) жүктерді халықаралық тасымалдаудың көрсетілетін қызметтері бойынша – салық төлеуші;
5) Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасында айқындалған, сәйкестікті растау жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін белгіленген тәртіппен аккредиттелген заңды тұлға;
6) ЕАЭО-ның кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кеден өкілі, кедендік тасымалдаушы, уақытша сақтау қоймаларының иесі, кедендік қоймалардың иесі және уәкілетті экономикалық оператор болып табылатын салық төлеуші;
7) оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші;
8) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарды іске асыру мақсатында қабылданған Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген жағдайларда салық төлеуші;
9) импортталған тауарларды өткізген жағдайда салық төлеуші;
10) салық төлеушіге келіп түскен және электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінің «Виртуалды қойма» модуліне келіп түскен кезде есепке алынған тауарларды өткізетін осы салық төлеуші. Электрондық шот-фактуралары электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінің «Виртуалды қойма» модулі арқылы жазып берілетін тауарлардың тізбесін уәкілетті орган бекітеді және оның интернет-ресурсында орналастырылады;
11) Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес медициналық көрсетілетін қызметтер бойынша, дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды, медициналық бұйымдардың жиынтықтауыштарын, сондай-ақ техникалық қосалқы (компенсаторлық) құралдарды өткізу бойынша – салық төлеуші;
12) адвокаттық кеңсе жасаған шарттар бойынша адвокаттық осындай кеңсені дербес немесе басқа адвокаттармен бірлесіп құрған адвокат көрсеткен заң көмегі жөніндегі адвокаттық кеңсе. Осы тармақтың ережелері жеке тұлға, оның ішінде дара кәсіпкер болып табылатын жеке тұлға немесе жеке практикамен айналысатын адам жеке мүлкін өткізген кезде қолданылмайды.
2. Осы баптың 1-тармағының 1) – 7) және 11) тармақшаларында көзделген жағдайларда:
1) есеп айырысу: сатып алушыға бақылау-касса машинасының чегі беріле отырып және (немесе) көрсетілетін қызметтердің ақысын төлеу терминалдары арқылы; сатып алушыға тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді арнаулы мобильді қосымшаның чегі беріле отырып жүзеге асырылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер өткізілген жағдайларда шот-фактура жазып беру талап етілмейді. Бұл ретте сатып алушының талап етуі бойынша чекте тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді осындай сатып алушының сәйкестендіру нөмірі қамтылуға тиіс;
2) есеп-айырысу электрондық ақшамен немесе электрондық төлем құралдары пайдаланыла отырып жүзеге асырылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер жеке тұлғаларға өткізілген;
3) жеке тұлғаға ұсынылған коммуналдық көрсетілетін қызметтер, көрсетілетін байланыс қызметтері үшін екінші деңгейдегі банктер, пошта операторы арқылы есеп айырысу жүзеге асырылған;
4) теміржол немесе әуе көлігімен жолаушыны тасымалдау қағаз жеткізгіштегі жол жүру билетімен, электрондық билетпен немесе электрондық жол жүру құжатымен ресімделген;
5) дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам болып табылмайтын жеке тұлғаға тауар өтеусіз берілген, жұмыстар өтеусіз орындалған, қызметтер өтеусіз көрсетілген;
6) осы Кодекстің 477-бабында көзделген қаржы операциялары іске асырылған жағдайларда шот-фактура жазып беру талап етілмейді. Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларының ережелері тауарлар өткізілген, жұмыстар орындалған, қызметтер көрсетілген жағдайларда осы Кодекстің 131-бабының 1-тармағында көрсетілген адамдарға қолданылмайды.
3. Осы баптың 1-тармағының 8) – 10) тармақшаларында көзделген жағдайларда шот-фактураны жазып беру тауарлар:
1) сатып алынған тауарды жеке, отбасылық, үйде немесе кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес өзге де пайдалану мақсатында пайдаланатын жеке тұлғаларға (түпкілікті тұтыну);
2) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес микрокәсіпкерлік субъектілері болып табылатын жеке немесе заңды тұлғаларға өткізілген кезде талап етілмейді.
4. Өнім беруші өткізу бойынша айналым жасаған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы: осы баптың 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында; осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларда, осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушіге шот-фактураны жазып беруді талап ете отырып жүгінуге құқылы. Өнім беруші осындай талапты осы баптың ережелерін ескере отырып, оның ішінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы туралы мәліметтерде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу жүзеге асырылатын сенімді тұлға арқылы заңды тұлғаның немесе тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алатын дара кәсіпкердің деректемелерін көрсету бөлігінде орындауға міндетті.
5. Өнім беруші өткізу бойынша айналым жасаған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде көрсетілетін қызметтерді алушы осы баптың 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайда жеке тұлғаның жол жүру фактісін растайтын құжатты немесе осындай көрсетілетін қызметтерді берушіге шот-фактураны жазып беруін талап ете отырып жүгінуге құқылы. Өнім беруші осындай талапты осы баптың ережелерін ескере отырып, оның ішінде жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы туралы мәліметтерде тасымалдау жөніндегі қызмет көрсетілген жеке тұлғаның деректемелерін көрсету бөлігінде орындауға міндетті.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-208/