НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

209-бап. Қосылған құн салығын төлемеушілердің шот-фактураны

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

жазып беруіне қойылатын талаптар
1. Салық төлеуші шот-фактураны қағаз жеткізгіште жазып беруге құқылы болатын:
1) салық төлеушінің Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктерінің шекараларында тұрған жері бойынша жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі болмаған;
2) уәкілетті органның интернет-ресурсындағы техникалық қателер себебінен электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде шот-фактураларды жазып берудің мүмкін еместігі туралы ақпарат расталған жағдайларды қоспағанда, шот-фактура электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электрондық нысанда жазып беріледі. Қағаз жеткізгіште жазып берілген шот-фактура техникалық қателер жойылған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесіне енгізілуге жатады.
3) осы Кодекстің 88-бабына сәйкес электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде шот-фактураларды жазып беру тоқтатыла тұрған кездегі жағдайларды қоспағанда, шот-фактура электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электрондық нысанда жазып беріледі. Бұл ретте қағаз жеткізгіште жазып берілген шот-фактура осы Кодекстің 88-бабына сәйкес шот-фактураларды электрондық нысанда жазып беруді тоқтата тұрудың күші жойылған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесіне енгізілуге жатады;
4) төтенше жағдай немесе төтенше жағдайдың қолданылу кезеңіндегі жағдайларды қоспағанда, шот-фактура электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электрондық нысанда жазып беріледі. Бұл ретте қағаз жеткізгіште жазып берілген шот-фактура төтенше жағдай немесе төтенше жағдайдың қолданылу кезеңі аяқталған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесіне енгізілуге жатады.
2. Қағаз жеткізгіштегі шот-фактура электрондық шот-фактура нысанында екі данада жазып беріледі, оның біреуі тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушыға беріледі. Салық төлеушілер қағаз жеткізгіште жазып берілетін шот-фактурада шот-фактураның электрондық нысанында көзделмеген қосымша мәліметтерді көрсетуге құқылы.
3. Шот-фактурадағы құндық және сомалық мәндер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында көрсетіледі.
4. Егер заңды тұлғаның атынан тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді беруші ретінде оның құрылымдық бөлімшесі әрекет етсе және заңды тұлғаның шешімі бойынша шот-фактураларды жазып беруді осындай құрылымдық бөлімше жүргізсе, сондай-ақ, егер құрылымдық бөлімше заңды тұлғаның атынан тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы болған жағдайда, онда шот-фактурада осындай құрылымдық бөлімшенің деректемелерін көрсетуге жол беріледі.
5. Шот-фактураны жазып беру мақсаттары үшін: айналым жасалған күн осы Кодекстің 460-бабының ережелеріне сәйкес айқындалады; айналым мөлшері осы Кодекстің 461 және 462-баптарының ережелеріне сәйкес айқындалады.
6. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, электрондық нысанда жазып берілген шот-фактура электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылады. Шот-фактура осы Кодекстің 93-бабына сәйкес тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде салық төлеушіге қатысты тәуекел анықталған кезде уәкілетті орган көздеген тәртіппен шот-фактураны жазып беруді жүзеге асыратын жеке тұлғаның биометриялық деректерімен қосымша куәландырылады. Қағаз жеткізгіште жазып берілген шот-фактура: заңды тұлғалар үшін – басшының және бас бухгалтердің қолтаңбасымен, сондай-ақ егер осы тұлғаның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мөрі болуға тиіс болса, атауы және ұйымдық-құқықтық нысанын көрсету қамтылған мөрмен; дара кәсіпкерлер үшін – тегі, аты және әкесінің және (немесе) атауы қамтылған мөрмен (ол болған кезде), сондай-ақ дара кәсіпкердің қолтаңбасымен куәландырылады. Шот-фактура салық төлеушінің бұйрығымен уәкілеттік берілген жұмыскердің қолтаңбасымен куәландырылуы мүмкін. Бұл ретте бұйрықтың көшірмесі тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушылардың көзбен шолып танысуы үшін қолжетімді болуға тиіс. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушіге шот-фактураларға қол қоюға уәкілетті адамды тағайындау туралы бұйрықтың осыған уәкілетті адам куәландырған көшірмесін ұсынуды талап ете отырып жүгінуге құқылы, ал өнім беруші осы талапты тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы жүгінген күні орындауға міндетті. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді беруші болып табылатын заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі, егер осы тұлғаның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мөрі болуға тиіс болса, салық төлеушінің шешімі бойынша өзі жазған шот-фактураларды осындай құрылымдық бөлімшенің заңды тұлғаның атауы және ұйымдық-құқықтық нысанын көрсету қамтылған мөрімен куәландыруға құқылы. Жай серіктестікке (консорциумға) қатысушылардың уәкілетті өкілі жазып берген шот-фактура осы Кодекстің 216-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда атауының және ұйымдық-құқықтық нысанының көрсетілуін қамтитын уәкілетті өкілдің мөрімен, сондай-ақ осындай уәкілетті өкілдің басшысы мен бас бухгалтерінің қолтаңбаларымен куәландырылады. Егер Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына және есепке алу саясатына сәйкес басшы немесе дара кәсіпкер бухгалтерлік есепке алуды жеке өзі жүргізсе, бас бухгалтердің қолтаңбасының орнына «көзделмеген» деп көрсетіледі.
7. Қосылған құн салығын төлемеушілер шот-фактураны осы Кодекстің 493-бабында белгіленген мерзімдерде жазып береді.
8. Жекелеген жағдайларда шот-фактураларды жазып беру ерекшеліктері осы Кодекстің 494 – 498-баптарында белгіленген.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-209/