НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

221-бап. Резиденттер мен бейрезиденттерге салық салу жөніндегі

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының резидентi Қазақстан Республикасында осы Кодекстiң ережелерiне сәйкес Қазақстан Республикасындағы және оның шегінен тысқары жерлердегi көздерден алынған кірістерден салықтар төлейдi.
2. Бейрезидент Қазақстан Республикасында осы Кодекстiң ережелеріне сәйкес Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кірістерден салықтар төлейді. Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент Қазақстан Республикасында осы Кодекстің ережелеріне сәйкес мұндай тұрақты мекеменің қызметіне байланысты, Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлердегі көздерден алынған кірістерден де салықтар төлейді.
3. Резиденттер мен бейрезиденттер Қазақстан Республикасында өзге де салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді, сондай-ақ әлеуметтік төлемдерді осындай міндеттемелер туындаған кезде төлейді.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-221/